Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
435 материал табылды

Қоғам • 25 Сәуір, 2023

Әкімдік пен Отбасы банк жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосты

Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған жаңа бағдарлама «Qamqor» деп аталады. Оның шарттарына сай 10 пайыздық алғашқы жарнамамен тұрғын үй алуға мүмкіндік туып отыр. Бағдарлама бойынша несиелендірудің бірінші траншы 3 млрд теңгені Шымкент қаласының әкімдігі бөліп отыр.

Инвестиция • 14 Сәуір, 2023

Инфрақұрылым қуаты – инвестицияда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында «Біз еліміздің инфрақұ­рылымдық қуатын қалыптастыруымыз қажет. Сондықтан мен Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қабылдауды ұсынамын. Құжатта осы саладағы басты мәселелер ашық көрсетілуге тиіс. Сонымен бірге 2029 жылға дейін іске асырылатын негізгі жобалар қамтылуы қажет» деген еді.

Медицина • 13 Сәуір, 2023

Медицина саласы жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Шымкентке Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында бірінші вице-министр бірқатар медициналық нысанда болды.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2023

Шымкент мұнай өңдеу зауыты қайта жанданды

Еліміздегі үш ірі мұнай өңдеуші зауыттың бірі Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС көктемнің басында жоспарға сай ағымдағы жөндеуге байланысты өндірісін уақытша тоқтатқан еді. Енді жөндеу мезгілінің бітіп, қондырғыларды қайта қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуына орай кәсіпорын бұрынғыдай қызметіне қайта кірісіп отыр. Бұл жөнінде зауыт басшылығы арнайы мәлім­де­ме жасады.

Оқиға • 11 Сәуір, 2023

Ажал әкелген автобус

Шымкент қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, 8 сәуір күні кешкі сағат 18:30 шамасында «Метро» сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бетке шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қағып кеткен. Соның салдарынан екі әйел мен бір жасөспірім оқиға орнында, кәмелетке толмаған тағы екі қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Құрылыс • 06 Сәуір, 2023

Құрылыс сапасы көңіл көншітпейді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов басқарма басшылары, құқық қорғау органдарымен бірге әр айдың бірінші сәрсенбісінде халықпен кездесу өткізеді. Тұрғындармен жүздесуде олардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселе болса, әкімдік тарапынан шешіп беруге тырысады. Осындай жүздесу күні кеше шаһардың әкімдігі жанындағы Көрме орталығында ұйымдастырылды.

Денсаулық • 05 Сәуір, 2023

Балаларды оңалтатын қос орталық

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай Шымкент қаласында медициналық әлеуметтік маңызы жоғары екі бірдей мекеменің тұ­сауы кесілді. Бірі Аутизмі бар бала­ларға арналған, екіншісі – «Қам­қорлық» ерте араласу орталығы.

Қоғам • 04 Сәуір, 2023

Зұлматты дәуір ел жадында

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Шымкент өңірлік комиссиясы жұмыс тобының жетекшісі, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнар Жанысбекова шаһарда «Халық жады» акция­сы бастау алғанын мәлімдеді.

Инвестиция • 03 Сәуір, 2023

Өндіріс тірегі – инвестиция

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында елдің дамуына қатысты көптеген мәселені қозғап, алдағы жоспарларды айқындап берді. Осы орайда Мемлекет басшысы экономика саласына соның ішінде іскерлік белсенділікті ынталандыру мен еліміздің өндірістік әлеуетін арттыру мәселесіне баса назар аударды.

Медицина • 02 Сәуір, 2023

Медицина мен дәрі-дәрмек орталығы

Жуырда «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков «Химфарм» АҚ-ға барған іс-сапары барысында республиканың үшінші қаласында медико-фармацевтикалық клас­тер қолға алынатынын мәлімдеді. Және мұндай қадамның отандық фар­мацевтика саласы үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.