
Технология • 02 Қазан, 2023
Отандық технологияға арқа сүйеген кәсіпорын
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өңірлерде «Отандық өндіріс» медиажобасын қолға алды. Жоба мақсаты – отандық өндірісті насихаттау және кәсіпорындардың беделін көтеру. Соған орай БАҚ өкілдері арасында баспасөз туры ұйымдастырыла бастады. Журналистер жуырда медиажоба іс-шарасымен «Alageum Electric» холдингтік компаниясының құрамына кіретін «Кентау трансформатор зауыты» АҚ мен Шымкенттегі «Asia Trafo» ЖШС-да болып қайтты.
Шымкент • 02 Қазан, 2023
Президент Жолдауында монополияның табысын инфрақұрылымдарды жаңартуға жұмсауды қамтамасыз ету тапсырылған еді. Осыған орай «Тарифті инвестицияға айырбаста» тарифтік саясаты қабылданды. Өйткені бүгінгі таңда елімізде инфрақұрылымдық жүйелердің жартысынан астамының тозығы жеткен. Бұларды тариф есебінен жаңалау күн тәртібіндегі мәселеге айналды.
Шаруашылық • 28 Қыркүйек, 2023
Мақта шаруашылығы мемлекет қолдауына мұқтаж
Түркістан облысында мақта теру науқаны басталды. Осыған орай БАҚ өкілдері «Қазагроқаржы» АҚ ұйымдастырған баспасөз турымен Ордабасы ауданы Төрткөл ауылындағы «Рамазан-Агро» ЖШС-ның егістік алқабында болып, мақта өңдеу зауытының жұмысымен танысып қайтты.
Экология • 18 Қыркүйек, 2023
«Kieli tabigat» экологиялық акциясы Шымкент қаласында да барлық өңірдегідей бірдей уақытта ұйымдастырылды. Ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен шаһардағы тарихи нысандарда экологиялық сенбілік өтті.
Медицина • 15 Қыркүйек, 2023
Мегаполис медицинасының сапасы
Республиканың үшінші мегаполисі медициналық кластер бойынша қарқынды даму үстінде. Олай дейтін себебіміз, бүгінде Үкімет пен жергілікті әкімдік тарапынан және шетелдік, отандық инвесторлар арқылы шаһарда түрлі жобалар іске асырылып, саладағы қызмет сапасы жақсарып келеді. Енді солардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтсек.
Еңбек • 13 Қыркүйек, 2023
Президент тапсырмасын іске асыру мақсатында былтыр «Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекіткен еді. Сонымен бірге Үкімет қаулысымен елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні болып жарияланды. Бүгінгі таңда даталы күнді атап өтуге байланысты тиісті іс-шаралар атқарылып жатыр.
Жастар • 12 Қыркүйек, 2023
Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығы жақсы бастаманың жаршысына айналып келеді. Бұл жоба «Жас кәсіпкермен сұхбат» деп аталады. Аталған іс-шарада орталық мамандары грант немесе несие алып, жеке кәсібін дөңгелеткен жас іскер азаматтармен сұхбат құрады. Оны әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялап, кең жұртқа насихаттайды.
Қылмыс • 11 Қыркүйек, 2023
Жалған сусын жасаушылар ұсталды
Қаржылық бақылау агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті үшінші мегаполисте танымал энергетикалық сусынды жасырын түрде шығарған цехты анықтаған. Департамент бизнес құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары аясында заң бұзушылықтың жолын кесті.
Әскер • 11 Қыркүйек, 2023
Енді күзгі әскерге шақыру үшін әскери міндетті жастарға SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл туралы Шымкент қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев ҰҚК Шекара қызметі бөліміне әскерге шақырылушылардың бірінші командасын салтанатты түрде жіберу рәсімінде хабарлады.
Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2023
Отбасы құндылығы – ұлттық тәрбиеде
«Отан – отбасынан басталады». Қоғамның тірегі де – отбасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, бала тәрбиесінде отбасының рөлі үлкен. Жас ұрпақ тәрбиесінде мектепте көп нәрсе береді. Бірақ бәрібір орны бөлек. Сондықтан мемлекеттік саясат отбасы құндылығын дәріптеуге бағытталған. Қазақстанның ең үлкен байлығы – адам капиталы. Әрбір азамат – жеке тұлға. Осы тұрғыдан қарасақ, мұндай қасиетке адам отбасылық тәрбие арқылы да ие болады. Биыл Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрия, креативті ойлай білетін адамдардың бастамаларын қолдау туралы айтты.