Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1963 материал табылды

Ғылым • 15 Қараша, 2024

Прототип жасауға арналған экожүйе

Қ.Сәтбаев университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында аталған оқу орнында жоғары технологиялық «FabLab SU» орталығы ашылды. Зертханада студенттер, ғалымдар мен тәжірибелі инженерлер заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, озық идеяларын жүзеге асырады.

Білім • 13 Қараша, 2024

Шеберлік шыңдайды

Алматы көпсалалы колледжінің базасында жас маман­дардың ше­бер­лігін шыңдайтын қаладағы тоғызыншы құзыреттілік орта­­лығы ашылды. Мансап алаңында студенттер тоңа­зыт­­қыш­тар мен автомобильдерді жөндеу, қызмет көрсету, жиһаз өнді­рісі, IT-дизайн бойынша төрт бағытта білім алады.

Білім • 12 Қараша, 2024

Сапалы білімге әркімнің-ақ бар таласы

Алматы қаласында жұмыс сапарымен жүрген Оқу-ағарту ми­нистрі Ғани Бейсем­баев халықаралық, республикалық олимпиада­лардың жеңімпаздары мен жүлде­герлері, балалар-жас­өс­пі­рімдер ұйымдарының белсенділерімен кездесті.

Ғылым • 08 Қараша, 2024

Бактерияға қарсы наножабынды жіп

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі химия және химиялық технология факультетінің ғалымдары хирургиялық жіптердің бетіне мультиқабатты наноөлшемді жабын енгізіп, оларды бактерияға қарсы қолдану әдісін жетілдірді.

Мәдениет • 07 Қараша, 2024

Түркіге ортақ туынды

Жақында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қол­дауымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдары құрастырған «Алпамыс батыр» жинағы жарыққа шықты. «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция барысында таныс­тырылған жинаққа жырдың кең тараған, ең көлемді М.Сан­ды­байұлы – С.Аққожаев нұсқасы және Ю.Новикова мен А.Тарковскийдің орыс тіліндегі көркем аудармасы, сондай-ақ ағылшын тіліндегі жолма-жол аудармасы енген.

Қоғам • 07 Қараша, 2024

Пластик қалдықты кәдеге жаратады

Қ.Сәтбаев университеті, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы», «Coca-Cola İçecek Kazakhstan» ком­­па­­ниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қой­ды. Меморандум пластикалық қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу жоба­лары арқылы оның тиімділігін арттыруды көздейді.

Білім • 07 Қараша, 2024

QS рейтингі: Сапа биігінен көріне аламыз ба

Мемлекет басшысы білім жүйесінің жекелеген ғылыми орталықтар, техно­парктермен ынтымақтастығы әлеуеті зор зерттеу университеттерін құрылымдауға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын. Осы мақсатта елімізде 20-дан астам жоғары оқу орнында үздік шетел университеттерінің филиалы ашылып, алдағы уақытта 10-нан аса оқу орны халықаралық келісімге қол жеткізбекші.

Алматы • 05 Қараша, 2024

«Halyk Academy» зертханасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде «Қазақстан халық банкі» АҚ қолдауымен «Halyk Academy» зертханасы ашылды.

Мектеп • 02 Қараша, 2024

Үздіктер оқитын мектеп

Биыл республикалық физика-математика мектебінің оқушылары IMO/IPhO/IIO халықаралық олимпиадаларда 1 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль иеленді. Бұл – оқу ордасы үшін абсолютті рекорд. ТОП-7 беделді олимпиадаларда жүлделі орын алған 26 оқушының қатарында республикалық физика-математика мек­тебінің оқушылары бар. Солардың ішінде Максим Цой «International Olympiad in Informatics» күміс медалін иеленсе, Әмірлан Аманжолов «International Mathematical Olympiad» күміс медалін жеңіп алды. Ал Марғұлан Нұрсағатов «International Physics Olympiad» күміс медалін қанжығасына бөктерсе, Қазымбек Ілияс «IPhO Olympiad» қола медалінің иегері атанды.

Университет • 01 Қараша, 2024

ҚазҰУ-да QS пре-саммиті өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім беру мәселелеріне арналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті өтті. Халықаралық шара QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.