Алматы • Кеше

Алматы «ақылды» технология арқылы басқарылатын қалаға айналады

20 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінде ел аумағын тазарту, көгалдандыру масқатында қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы көптеген игі істердің бастауына айналды. Жақында Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп өткізген «Алматы 2035: таза ауа және тұрақты инфрақұрылым» форсайт-сессиясында  қалалық экожүйені қалыптастырып, тұрғындар үшін қауіпсіз қала міндеттері қарыстырылды, деп жазады Egemen.kz.

Алматы «ақылды» технология арқылы басқарылатын қалаға айналады

ҰҒА тарапынан осы күнге дейін еліміз аумақтарында көптеген форсайт-сессиялар өтті. Оның барысында әлі күнге зерттеу нысанына ілікпеген немесе дамытуды қажет ететін ғылымға мұқтаж салалар зерттелген болатын. Алматыда өткен форсай-сессия қала экологиясы үшін бірқатар түйткілді жайттарды нысанға алды.

Біріншіден, қалалық экожүйе мен шағын және орта бизнестің жайлы әрі қауіпсіз қаланы қалыптастыруда қала экономикасының ажырамас бөлігі болып табылатын қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының ауаның ластануына әсері қарастырылды. HoReCa секторы (кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер) — бұл тек қызмет көрсету саласы ғана емес, сонымен қатар қалалық бірегейліктің бір бөлігі. Алайда, мұндай мекемелер санының артуы мен құрылыстың қарқынды дамуы әсіресе қаланың орталық аудандарында ауаның сапасына кері әсерін тигізіп жатыр.

Осы орайда қоғамдық тамақтану орындарынан ауаға тарайтын зиянды қалдықтарды азайту үшін мынандай бастамалар ұсынды:

  • жаңа буындағы сүзгілеу және желдету технологияларын көздейтін «Таза HoReCa» қалалық стандартын енгізу
  • ғылым, әкімдік және бизнестің деректерін біріктіретін қалалық ауа зертханасын құру
  • шығарындылар мен ауа сапасын нақты уақытта бақылауға арналған IoT сенсорлар желісін енгізу
  • азаматтарға ашық қолжетімді ластану деңгейін көрсететін цифрлық карта әзірлеу
  • ESG сәйкестік қағидаттарына негізделген кафелер мен мейрамханаларды «жасыл сертификаттау» бағдарламасы

Форсайт-сессияда қатысушылар «ауа — қызмет ретінде» (Air-as-a-Service) тұжырымдамасына назара аударды. Оның барысында компаниялар тек жабдықты орнатуға емес, тазарту нәтижесіне де ақы төлейді. Мұндай шешімдердің нәтижесінде Алматы Орталық Азиядағы ауаның сапасын «ақылды» басқару жөніндегі пилоттық қалаға айналуы мүмкін.

BIM, IoT және жасанды интеллект технологияларының көмегімен қауіпсіз қала мақсаттарын іске асыруға болады

Форсайт-сессияда көтерілген екінші тақырып – сейсмотұрақтылықтың цифрлық негізі. Ол инженерлік, кадастрлық және геологиялық деректерді бірыңғай платформада біріктіруге мүмкіндік береді.
Алматы жоғары сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Тұрғын үй қорының 50 пайыздан  астамы қазіргі қалыптасқан нормаларға дейін салынған. Ескі ғимараттар көп. Құрылыс қарқынмен дамып жатыр. Халық санының артуының қауіпсіздікті тұрақты қамтамасыз етуге ықпал етіп отыр. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, дәл цифрлық технологиялар реактивті әрекет етуден тәуекелдерді болжап басқаруға көшуге мүмкіндік береді. BIM, IoT және жасанды интеллект технологияларының көмегімен қос цифрлы тәуекелдерді модельдеуге, ғимараттардың деформациясын болжауға және нығайту шараларын ұсынуға қабілетті.

Осы орайда қала қауіпсіздігін арттыру үшін ғалымдар мына мәселелерді ұсынды:

  • Алматының орталық бөлігі үшін цифрлық егіздің пилоттық жобасын іске қосу
  • негізгі нысандарға деформация мен діріл сенсорларын орнату;
  • цифрлық инженерия бойынша кадрларды даярлау бағдарламасын әзірлеу;
  • сәулетшілер мен құтқару қызметтеріне қолжетімді «сейсмотұрақтылықтың цифрлық картасын» жасау

Неліктен қос цифрлық тәсіл таңдалды?

  • Деректерді кешенді басқару: цифрлық егіз инженерлік, кадастрлық және геологиялық ақпаратты бірыңғай модельде біріктіреді
  • Тұрғындар қауіпсіздігі: әлсіз ғимараттарды анықтауға, нығайту шараларын жоспарлауға және бұзылудың алдын алуға мүмкіндік береді
  • Инновациялық әлеует: BIM, IoT және жасанды интеллект технологияларын біріктіре отырып, университеттер мен стартаптар үшін жаңа бағыттар ашады.
  • Халықаралық тәжірибе: Сингапур, Хельсинки және Дубай қалалары Urban Digital Twin жобаларын жүзеге асырды. Алматы да сейсмикалық аймақта осындай жүйені енгізген Орталық Азиядағы алғашқы қала бола алады.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай технологиялар қауіпсіздікті арттырумен қатар, ғимараттарды жөндеу мен қайта жаңарту шығындарын азайтып, деректерге негізделген жаңа қалалық басқару мәдениетін қалыптастырады.

Форсайтқа мектеп оқушылары мен студенттер де қатысты. Олар экологиялық мониторингке арналған мобильді қосымшалардан бастап, шығарындыларды автоматты түрде бақылайтын «жасыл кварталдар» тұжырымдамасына дейін өз идеяларын ұсынды. Жас буын тұрақты даму қағидаттарымен ойлап, болашақ қаласы үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін көрсетті.

Бұл бағыттар 2035 жылға дейінгі таза қала ретінде дамуда цифрлы шешімдер мен технологиялардың пайдаланудың маңызды екенін көрсетіп отыр. Алматы – таза әрі өмір сүруге қауіпсіз қала ретінде дамуы тиіс. Ал оған жетуге барлық мүмкіндік бар. Ең бастысы, ғылымның, бизнестің, әкімдіктің және азаматтардың белсенділігі қажет.

АЛМАТЫ