
Мәдениет • 07 Қараша, 2024
Жақында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының қолдауымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ғалымдары құрастырған «Алпамыс батыр» жинағы жарыққа шықты. «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция барысында таныстырылған жинаққа жырдың кең тараған, ең көлемді М.Сандыбайұлы – С.Аққожаев нұсқасы және Ю.Новикова мен А.Тарковскийдің орыс тіліндегі көркем аудармасы, сондай-ақ ағылшын тіліндегі жолма-жол аудармасы енген.
Қоғам • 07 Қараша, 2024
Пластик қалдықты кәдеге жаратады
Қ.Сәтбаев университеті, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы», «Coca-Cola İçecek Kazakhstan» компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум пластикалық қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу жобалары арқылы оның тиімділігін арттыруды көздейді.
Білім • 07 Қараша, 2024
QS рейтингі: Сапа биігінен көріне аламыз ба
Мемлекет басшысы білім жүйесінің жекелеген ғылыми орталықтар, технопарктермен ынтымақтастығы әлеуеті зор зерттеу университеттерін құрылымдауға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын. Осы мақсатта елімізде 20-дан астам жоғары оқу орнында үздік шетел университеттерінің филиалы ашылып, алдағы уақытта 10-нан аса оқу орны халықаралық келісімге қол жеткізбекші.
Алматы • 05 Қараша, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде «Қазақстан халық банкі» АҚ қолдауымен «Halyk Academy» зертханасы ашылды.
Мектеп • 02 Қараша, 2024
Биыл республикалық физика-математика мектебінің оқушылары IMO/IPhO/IIO халықаралық олимпиадаларда 1 алтын, 6 күміс және 2 қола медаль иеленді. Бұл – оқу ордасы үшін абсолютті рекорд. ТОП-7 беделді олимпиадаларда жүлделі орын алған 26 оқушының қатарында республикалық физика-математика мектебінің оқушылары бар. Солардың ішінде Максим Цой «International Olympiad in Informatics» күміс медалін иеленсе, Әмірлан Аманжолов «International Mathematical Olympiad» күміс медалін жеңіп алды. Ал Марғұлан Нұрсағатов «International Physics Olympiad» күміс медалін қанжығасына бөктерсе, Қазымбек Ілияс «IPhO Olympiad» қола медалінің иегері атанды.
Университет • 01 Қараша, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім беру мәселелеріне арналған QS Higher Education: Asia Pacific 2024 пре-саммиті өтті. Халықаралық шара QS Азия-Тынық мұхиты саммитінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
Тағзым • 01 Қараша, 2024
Профессор Шериаздан Елеукенов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Шериаздан Рүстемұлы Елеукеновтің 1993-2020 жылдар аралығында Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі №129/135 мекенжайында тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды.
Алматы • 01 Қараша, 2024
ҚазҰУ-да «Halyk Academy» зертханасы ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолдауымен «Halyk Academy» зертханасы ашылды.
Білім • 30 Қазан, 2024
Қосымша білім: саны мен сапасы қалай?
Кейінгі жылдары ел өңірлерінде қосымша білім беру орталықтары көп ашылып жатыр. Бірақ «finprom.kz» сарапшылары статистика мен аймақтық ерекшеліктерге назар аудару қажеттігін алға тартып отыр. Мысалы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстанда мұндай орталықтар саны республикалық орташа көрсеткіштен екі есеге артық болса, халқы өте тығыз орналасқан Алматы, Түркістан, Жетісу облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында көрсеткіш өте төмен. Осылайша елімізде мектеп оқушыларын қосымша біліммен қамту 29 пайызды құрайды. Ал білім мен мәдениет ошағы саналатын Алматының өзінде мұндай орталықтарға баратын балалар саны 10 пайыздан сәл ғана асады.
Білім • 24 Қазан, 2024
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде отандық педагогика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым Күләш Құнантайқызы атындағы дәрісхана ашылды.