
Мереке • 22 Наурыз, 2025
Кеше Алматы нағыз көктем мерекесінің орталығына айналды десе болғандай. Көктемнің шуағына оранған қала Наурыз мейрамын ерекше сән-салтанатпен тойлады. Мерекелік алаңдар мегаполистің түкпір-түкпірінде қылаң ұрып жатты. Қаланы шаттық құшағына бөлегендей. Дәстүр бойынша басты концерт Астана алаңында өтті. Таңсәріден бері мұнда мерекелік көңіл күй орнап, ынтымақ пен бірліктің көрінісі атой салды.
Мәселе • 20 Наурыз, 2025
Қазақ тіліндегі оқулықтар тапшы
Кейінгі жылдары еліміздегі жоғары оқу орындары кітапханаларының жұмысы автоматтандырылып, кітап қоры жаңа дүниелермен толықты. Мәселен, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде қазақ тіліне аударылған басылымдар студенттерге қолжетімді. Дегенмен күн сайын өзгеріп жатқан жаңа технология кезеңінде, әсіресе техникалық бағыттағы мамандықта оқитын студенттерге ана тіліміздегі заманауи оқулықтар тапшы болып отыр.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 13 Наурыз, 2025
Кейінгі жылдары кәсіптік-техникалық колледждер білім бағдарламаларын өндіріске бағыттап, кәсіпорындарда тәжірибеден өтуге басымдық бере бастады. Заманауи инновциялық шешімдердің жылдам өзгеруі өндіріспен ынтымақтасты тұрақты күшейтіп отыру. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында кәсіби мамандар даярлау үшін еліміздің оқу орындары ғана емес, шетелдің де компанияларымен бірлескен келісімді қарастырып жатыр.
Архив • 13 Наурыз, 2025
Дала мәдениетіндегі әйел тағдыры
Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві «Қазақ дала мәдениетіндегі әйелдердің мәртебесі» атты дөңгелек үстел мәслихатын өткізді.
Қоғам • 08 Наурыз, 2025
Алматыдағы Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ғалым-әйелдерге арналған академик Н.Базанова атындағы марапаты табыс етілді.
Білім • 06 Наурыз, 2025
Айтулы ұстаздарды айшықтаған кездесу
Бүгінде еліміздегі білім ұйымдарында 500 мыңға жуық әйел ұстаз еңбек етеді. Әсіресе білім мен ғылым әлеміне қаракөз қыздардың қанатын самғатқан білім ордасы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін бүгінге дейін 70 мыңнан астам педагог маман тәмамдаған.
Форум • 06 Наурыз, 2025
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Жаһандық студенттік көшбасшылық: дамуы, әсері, әрекеті» атты студент көшбасшылардың халықаралық форумы өтті.
Байқау • 26 Ақпан, 2025
Былтыр 600-ден аса алматылық оқушы халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткен. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Дарын» орталығының директоры Гүлнұр Кәрімғажы қала оқушыларының жетістіктерімен бөлісті.
Ғылым • 26 Ақпан, 2025
Жаратылыстану ғылымдарының магистрі Айгерім Қамбарова тамақ қалдықтарын қайта өңдеуде қара шыбын дернәсілдерін (Hermetia illucens) қолданып, өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.
Ғылым • 21 Ақпан, 2025
ҚазҰУ ғалымдары отандық фармацевтикаға үлес қосады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылатын дәрілік препараттарды жетілдірді.