Келешек мектептері • Бүгін, 07:55

Мектебі көбейген мегаполис

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Білім мен ғылымның орталығы саналатын Алматыда жаңа мектептер бой көтеріп, оқу орталықтарының саны артып келеді. Қазір мегаполисте 350-ден аса мектепте 300 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Биыл «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 11 700 орынға арналған 8 мектеп ашу жоспарланып отыр. Былтыр 12 мектеп пайдалануға берілді.

Мектебі көбейген мегаполис

Қазір «2025–2027 жыл­дарға арналған 1 300 мек­тепті жаңалау» жобасы іске асып жатыр. Былтыр 15 мектепте жөндеу-қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген бол­са, биыл – 9, келер жылы жылы ­7 білім беру нысанын жаңарту көзделіп отыр.

Қала халқының саны жыл сайын кемінде 10–12 мың адамға көбейіп келеді. Соған орай оқу­шы орындары да жетіспейді. Осыған қарамастан, қалада үш ауысымды, апатты мектеп­тер мәселесі толыққанды ше­шілген. Былтыр оқушы орны жетіс­пеушілігі 30 мыңды құраса, жыл соңына дейін көрсеткіш 16 мың­ға азайды. Былтыр «Келешек мектептері» жобасы аясында Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында – №154 (1500 орын), Теректі шағын ауданында – №213 (2000 орын), Самғау шағын ауданында – №217 (2000 орын), Қарасу шағын ауда­нында – №218 (2000 орын), ­Әйгерім шағын ауданында – №222 ­(2000 орын), Наурызбай ауда­нында – №214 (1500 орын), осы ­ауданға қарасты Құрамыс ша­ғын ­ауда­нын­да – №219 ­(1 500 орын) Шұғыла шағын ауданын­да – №221 (2500 орын), Бостан­­дық ауданында – №215 (1500 орын), №224 (2500 орын), Алмалы ­ауданында №216 ­(1500 орын), Медеу ауданында – №220 (2000 орын) жалпы бі­лім беретін мектеп пайдалануға берілді. Биыл алғашқы тоқсанда тағы да 4 мек­теп­тің құрылысы басталады.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50