Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
2103 материал табылды

Ғылым • 26 Қараша, 2024

Жас ізденушілер конгресі

Алматыда аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында кейінгі толқын ізденушілердің «Жас сәтбаевшы» атты I конгресі өтті. Онда қазақ ғылымының бастауында тұрған академиктің ғылымдағы ісі мен отандық ғылымды дамытудағы өлшеусіз еңбегі туралы айтылып, қазіргі ғылым жетістіктері, өзекті мәселелері талқыланды.

Әскер • 26 Қараша, 2024

Елді қорғау – абыройлы міндет

Әскердегі дәстүрлі қадамдардың бірі – ант қабылдау. Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Мемлекеттік күзет қыз­меті айрықша мақсаттағы күштер «Батыр» президенттік полкі 0111 әскери бөлімінің сарбаздары Әскери ант қабылдады. Республика өңірлерінен әскери борышын өтеуге келген 89 сарбаз тәжірибелі офицерлердің даярлығынан өтіп, Отан алдын­дағы борышын адал атқаруға, әскери қызметін бұлжытпай орындауға ант берді.

Оқиға • 22 Қараша, 2024

ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қара шаңырақ ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Тұрақты болашақ-2024: биотехнология, экология, энергетика» атты халықаралық конференция өтті. Шара аясында Қазақстан-Германия-Қытай серіктестігі негізінде құрылған халықаралық қолданбалы микробиология зертханасының ашылу рәсімі өтті.

Оқиға • 20 Қараша, 2024

ҚазҰУ мамандары LLM тілдік моделін әзірлейді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90 жылдық мерейтойына орай баспасөз турын өткізіп,  бұқаралық коммуникация өкілдеріне оқу ордасының жетістіктерін таныстырды.

Оқиға • 20 Қараша, 2024

Алматыда ХІІ «Ұлы жібек жолымен» халықаралық кітап көрмесі ашылды

«Атакент» іскерлік орталығында ХІІ «Ұлы жібек жолымен» халықаралық кітап көрмесі, ХХІІ «Білім және мансап көрмесі» халықаралық көрмесі ашылды.  Еліміздегі кітап ісін дамыту мен білімді насихаттайтын көрмелерде шетелдерден келген өкілдер, сала мамандары, жастар, студенттер осы рухани кеңістікте әртүрлі мәдени шараларға қатысып, пікір алмасып, кітап ісіне қатысты әлемдегі озық жетістіктерді талқылайтын болады.

Оқиға • 20 Қараша, 2024

Қыздар университетінде жаңа оқу ғимараты мен зертханалар ашылды

Қыздар университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында жаңа оқу ғимараты пайдалануға беріліп, пәнаралық ғылыми зертханалардың ашылу рәсімі өтті. Сонымен қатар шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды.

Университет • 20 Қараша, 2024

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 80 жылдық мерейтойын атап өтті. Балуан Шолақ мәдениет және спорт сарайында өткен салтанатты іс-шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйлеп, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын ғылымға қосқан үлесі үшін марапаттады.

Мәдениет • 19 Қараша, 2024

Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түркі халықтарының бірлігі үшін күрес жүргізген біртуар тұлға Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған «ХХІ ғасырдағы Түркістан идеясы» тақырыбында республикалық ғылыми конференция өтті.

Мәдениет • 19 Қараша, 2024

ҚазҰУ-да баспа ісі, авторлық құқық менеджментіне қатысты семинар өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Фараби кітапханасында «Баспа ісіндегі заманауи үрдістер және авторлық құқық менеджменті» тақырыбында семинар өтті. Франкфурт кітап жәрмеңкесінің өкілдері халықаралық кітап ісіндегі заманауи жетістіктер, полиграфиядағы жаңа технологиялар, кітап шығару мен тарату ісіндегі озық тәжірибелермен бөлісті.

Мәдениет • 19 Қараша, 2024

Алматы әкімі Франкфурт кітап жәрмеңкесінің өкілдерін қабылдады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Қазақстанға іс-сапармен келген Франкфурт кітап жәрмеңкесінің атқарушы директоры және президенті Юрген Боосты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика