
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жергілікті бизнеске 572 млн теңге сомасында қарыздар берілген. Несиелердің үштен бірінен астамы өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларға тиесілі. Халыққа қызмет көрсетуге бағытталған бастамалардың 21, туризм және білім беру салаларындағы жобалардың 14 пайызы қаржыландырылды.
«Almaty Business-2025» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «Алматы» МҚҰ шамамен 14 млрд теңгеге 600-ден астам жобаны қаржыландырды.
«Жеңілдетілген несиелеу аясында қалада 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, кәсіпкерлік белсенділік артып, жұмыспен қамту көрсеткіші өскен. «Almaty Business-2025» бағдарламасы қала бюджетіне түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына да ықпал етіп отыр, мысалы, қарыз алушылар 2019 жылдан бастап 2 млрд. теңгеден астам салық төледі», дейді«Алматы» МҚҰ басқарма төрағасы Алтай Исмағамбетов.
«Алматы» МҚҰ-да бір қарыз алушыға 78 млн теңгеден астам несие беріледі. Қарызды қайтару мерзімі - 7 жыл. Бағдарламаға қатысудың негізгі шарты бизнес Алматы қаласының аумағында тіркелген болуы керек. Бағдарлама аясында өндіріс және қайта өңдеу, әлеуметтік бағдарланған кәсіпкерлік салаларындағы жобалар, сондай-ақ импортты алмастыруға, экспортқа бағдарланған әрікреативті индустрияларға бағытталған бастамалар қолдау табатын болады.