Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
2103 материал табылды

Алматы • 11 Желтоқсан, 2024

Ғылымды дамытудың жол картасы

Көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Алматыда Достық үйінде ғылымды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді.

Алматы • 11 Желтоқсан, 2024

Сатирик мектебінде мұражай ашылды

Биыл көрнекті ақын, сатира сардары Шона Сма­хан­ұлының туғанына 100 жыл толды. Соған орай ашы­луына осыдан 40 жыл бұрын қаламгердің өзі ұйт­­қы болған Алматы қала­­сындағы №62 гимназия­да Шона Смаханұлы атын­да­ғы мұражай ашылды.

Тағзым • 10 Желтоқсан, 2024

Сөз сыры мен сынын саралаған

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіру орталығы бірлесіп, көрнекті ға­­лым, ҰҒА ака­демигі Рәбиға Сыздықтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сөз сыры мен сынын саралаған ғалым» атты дөңгелек үстел өт­кіз­ді.

Форум • 05 Желтоқсан, 2024

XII халықаралық Бірімжанов съезі өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да химия және химиялық технология бойынша XII Халықаралық Бірімжанов съезі өтті.

Алматы • 04 Желтоқсан, 2024

Жатақхана құрылысы басталды

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 90 жылдық мерейтойына орай жатақхана құрылысы басталып, болашақ ұрпаққа жолдау жазылған капсула студенттерге арналған ғимараттың іргетасына қаланды.

Ғылым • 03 Желтоқсан, 2024

Ұлттық ғылымға адалдық

Академик Қаныш Сәтбаевтың туға­нына 125 жыл толуына орай «Қазақ­стан Республикасы Ұлттық ғылым ака­де­миясы» республикалық қоғамдық бір­лестігінің жалпы жиналысы өтіп, онда отандық ғылым алдында тұрған келелі міндеттер талқыланды.

Мәдениет • 30 Қараша, 2024

Ұлттық өнер жауһарлары

«Ұлы Жібек жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесінде ұлттық өнердің озық үлгілерін қамтыған бірқатар еңбектің таныстырылымы өтті.

Тұлға • 29 Қараша, 2024

Академик Абдулин

Өткен ғасырдың 70–80- жылдары еліміздің геология ғылымы үшін айтулы кезең болды. Осы онжылдықтан бастап, академик Қ.Сәтбаев негізін қалаған геология ісінде тыңнан жол салынды. Аға геолог ісін жал­ғастырушы академик Айтмұхамед Абдулиннің жетекшілігімен республика аймақтарына ғылыми экспедиция жүргізіліп, бұрын-соңды беймәлім болып келген кен орындары ашылды.

Білім • 28 Қараша, 2024

Білікті кадр даярлауға бағытталған қадам

Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023–2029 жылға дейінгі тұ­жы­рымдамасын іске асыру мақ­сатында елімізде шетел уни­верситеттерінің филиалын ашу жұмыстары жалғасып келеді. Мемлекетаралық келі­сімге сәйкес 2021 жылдан бергі аралықта республикада 23 шетел университетінің филиалы ашылған.

Алматы • 26 Қараша, 2024

«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тілінде жарық көрді

Түркияның Анкара қаласында орналасқан президенттік ұлттық кітапханада «Turktav» түркі тарихы және мәдениеті қоры, «KÖK TUĞ» қазақ мәдениеті қауымдастығының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, академик, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановтың «Қазақтың отбасы фольклоры» еңбегі «Kazak aile folkloru» атауымен түрік тілінде жарық көрді.

Яндекс.Метрика