
Қазіргі кезде Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл автокөліктерін өндіретін толық циклді зауыт ауқымды жаңғырту бағдарламасын аяқтап, нәтижесінде еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға және өндірістің оқшаулау деңгейін тереңдетуге мүмкіндік беретін дәнекерлеу, бояу және жинақтау цехтарына роботтандырылған учаскелер іске қосылды.
Hyundai Trans Kazakhstan директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ербол Қасымқанотың айтуынша, зауытта 11 өнеркәсіптік робот орнатылып, өндірістік желілер кеңейтілді, жұмыс орындарының саны артты. Биыл кәсіпорын қызметкерлер санын 1600 адамға жеткізу көзделіп отыр.
Жалпы ауданы 100 мың шаршы метрді құрайтын автокомпоненттер технопаркі автокөлік орындықтарын шығаратын зауыт, мультимедиялық жүйелер зауыты және логистикалық хаб сияқты үш негізгі нысаннан тұрады.
Бүгінде қаланың автоөндіріс кластерін дамытуға салынған инвестиция көлемі 64 млрд теңгеден асты. Бұл отандық автоөнеркәсіптің тұрақты экожүйесін қалыптастыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ білікті инженер мамандарды даярлауға зор серпін беретіні анық. Автоөнеркәсіпті дамыту елімізді индустрияландырудың басым бағыттарының бірі. Заманауи жобаларды жүзеге асыру еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып, технологиялық ілгерілеуге жол ашады.
АЛМАТЫ