Экономика • 16 Сәуір, 2025

Алматының индустриалды аймағында 2,5 триллион теңгенің өнімі өндірілді

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда соңғы жылдары мегаполис экономикасының өсуіне ақпал етіп отырған  инвестициялық кластер – индустриалды аймақ қарқынды дамып келеді.

Алматының индустриалды аймағында 2,5 триллион теңгенің өнімі өндірілді

Бүгінде индустриалды аймақта 4430 жұмыс орны ашылған. 2016-2024 жылдар аралығында 142,1 млрд теңгеге 41 жоба іске асып, осы кезеңде өндірілген өнімнің жалпы көлемі 2 524,4 млрд теңгені құрады. Аймаққа қатысушы компаниялар 63,1 млрд теңге сомасына салық төледі.

Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өңірлік коммуникациялар қызметімен бірлесіп ұйымдастырған баспасөз туры барысында Инвесторларды сүйемелдеу департаментінің бас маманы Ян Прокудин «Индустриалды аймақтың жалпы ауданы 490 гектарды құрайды. Оның 326 гектары жобаларға бөлінген. Жалпы 382,1 гектар жер бөлінді, оның ішінде 85 гектар кеңейтудің екінші кезеңінде. Индустриалды аймақ жоғары технологиялық өндірістер үшін тартылыс орталығына айналуда. Бұл Алматының болашақ индустриялық дамуы мен жаңа жұмыс орындарын құру үшін маңызды» деп атап өтті.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың арасында автоматтандырылған және роботтандырылған технологиялар енгізілген ірі өндірістік алаңдар бар. Жаңғырту есебінен 2025 жылы жұмыс орындарының саны мен оқшаулау деңгейі ұлғайды, ал жекелеген бағыттар бойынша өндірістік қуаттар екі есеге артты. Осындай кәсіпорындардың бірінің жалпы штаты 1600 адамға жетті.

Былтыр индустриалды аймақта 13,4 млрд теңгенің 11 жаңа жобасы іске қосылып нәтижесінде 977 жұмыс орны құрылды, оның ішінде алты ірі өндіріс орны, сондай-ақ бес шағын өнеркәсіптік парк бар.

Биыл индустриалды аймақта жалпы құны 135,5 млрд теңгені құрайтын 11 жаңа жобаның іске қосылуы жоспарлануда. Аталған жобалар аясында 2662 жаңа жұмыс орны ашылады. Ян Прокудиннің айтуынша, биыл  алты ірі өндіріс орнының іске қосылады. Жобаларға салынатын инвестиция көлемі 133 млрд теңге, ал жұмыс орындарының саны 2 мыңнан асады.

Маңызды жобалардың бірі – қолданыстағы өнеркәсіп орындарының жанынан құрылып жатқан автомобиль компоненттері технопаркі болады. Бүгінде мультимедиялық жүйелер, автокреслолар, логистикалық хаб өндірісі жолға қойылды. Нәтижесінде, барлығы 400-ден астам жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар, индустриалды аймақтағы жұмыс істеп тұрған автомобиль шығаратын зауыттардың бірі ауқымды жаңғыртуды аяқтады: дәнекерлеу және бояу роботтары, автоматты конвейерлер, жаңа конвейерлер орнатылды. Бұл автоматтандыру деңгейін арттыруға, оқшаулау үлесін арттыруға және инженерлік кадрлардың жаңа деңгейін құруға мүмкіндік берді. Ұжым саны 1600 адамға жетті. Енді зауыт дәнекерлеу және бояу (CKD) кезеңдерін қамтитын шағын түйінді әдіспен автокөліктердің 50 пайыздан астамын шығара алады. Бес шағын өнеркәсіп паркін ашу да жоспарда тұр. Бұл жобаларға 2,48 млрд теңге инвестиция салынып, 640 жұмыс орны құрылмақ.

Индустриалды аймақтың дамуы Алматы қаласындағы шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламаларымен қатар жүргізілуде. Бүгінде қалада 1594 адам еңбек ететін 16 шағын өнеркәсіп паркі жұмыс істеп жатыр. Келер жылға  тағы 24 парк салу жоспарланып отыр.

АЛМАТЫ