Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1818 материал табылды

Университет • 15 Қазан, 2024

ҚБТУ – озық білім берудің үлгісі

Қазақ-Британ техникалық университеті – республикадағы мұнай-газ өнеркәсібі мен жоғары технологиялар саласындағы жетекші оқу орны. Университетте ширек ғасырдан бері экономика, мұнай-газ өнеркәсібі, энергетика, кибернетика және геологиялық барлау салаларына білікті кадрлардың бірнеше толқыны даяр­ланып, түлектер ірі компанияларда жемісті еңбек етіп жүр.

Білім • 15 Қазан, 2024

ҚБТУ: NNEF – үздіксіз даму мүмкіндігі

Қазақстан мұнайының 125 жылдығы мен Республика күніне орай баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шара аясында журналистерге Қазақ-Британ техникалық университетінің заманауи келбеті, инфрақұрылымы таныстырылды. Бұл жоғары оқу орны Алматы қаласының Астана алаңындағы тарихи ғимаратта орналасқан.

Оқиға • 10 Қазан, 2024

Ғылымды коммерцияландырудың І Еуразиялық форумы өтті

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Тұран университеті базасында  «Ғылым қорымен» бірлесіп, ғылымды коммерцияландырудың I Еуразиялық форумын  өткізді.

Оқиға • 10 Қазан, 2024

«Алпамыс батыр» жыры халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясы, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры, Бейзаттық мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті және М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты биылғы жылдың 17-18 қазанында «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Алпамыс батыр» жыры» халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Ғылым • 08 Қазан, 2024

Алматыда «Ядролық ғылым және технологиялар» V халықаралық форумы өтіп жатыр

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  дәстүрлі «Ядролық ғылым және технологиялар» V Халықаралық ғылыми форумы өтіп жатыр.  Әлемнің 10-нан астам елінен 300-ден аса сала мамандары жиналған форум  Ядролық физика институтының бастауында тұрған академик Қ.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Тарих • 07 Қазан, 2024

Шетелдің архив қорындағы тарихи жәдігерлерге арналған көрме ашылды

Орталық мемлекеттік музейде Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтымен бірлескен «Шетелдің архив қорларындағы Еуразия тарихы» атты көрме ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 07 Қазан, 2024

Ардагер өнегесін үлгі етті

Еліміздің білім саласына бірнеше буын кәсіби мамандар толқынын даярлап, қанат қақтырған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай ардагер ұстаздармен кездесу өтті.

Ұстаз • 05 Қазан, 2024

Құрметке лайықты мамандық

Жеңісбай Қабаржан – Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде биология пәнінен сабақ береді. Мәскеу мемлекеттік тамақ өндірісі университетін азық-түлік биотехнологиясы мамандығы бо­йынша тәмамдаған. Жақында Жеңісбай Қабаржанның жетек­ші­лігімен осы мектептің 10-сынып оқушысы Ерасыл Жұмабаев 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылы­ми жобалар конкурсында І дәрежелі дипломға ие болды. НЗМ оқушысының өсімдік сығындыларын пайдалану арқылы нан өн­дірісін дамыту технологиясы инновациялығы жағынан және өндірістік әлеуетімен қазылар алқасының назарын аудар­ды.

Қоғам • 05 Қазан, 2024

Жошы ұлысынан қазақ мемлекеттігіне дейін

Бүгінде Шығыс дереккөздері мен Еуропа мұрағаттарын зерттеген шығыстанушы ғалымдар Алтын орда, Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына қатысты тың мағлұматтар тауып, талай томға арқау болар мате­риал қорын жинастырды. Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты ұйымдастырған «Шығыс дереккөздеріндегі қазақ мемлекеттілігінің феномені» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция Жошы ұлысының 800 жылдығына арналды. Ғалымдар Жошы ұлысы мен жалпы қазақ тарихының түрлі кезеңдері туралы ой бөлісті.

Жоба • 27 Қыркүйек, 2024

Кітап оқуға үндейтін жоба

Қоғамда кітап оқуды насихаттау, оқырман жастар қатарын көбейту мақсатында «Аmanat» партиясы мен Қазақстан баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы бірлесіп, республика көлемінде «Кітап-Amanat» кітап сауда желісін дамытып жатыр. Еліміздің бірқатар облысы мен ірі қаласында «Аmanat» партиясының кеңселік ғимараттары жанынан ашылған «Кітап-Amanat» дүкендеріндегі әртүрлі мазұндағы әдебиеттер, ғылыми-танымдық басылымдар кітапсүйер қауым үшін қолжетімді.