Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
46 материал табылды

Пікір • Бүгін, 09:08

БАҚ және сенім

Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам­ның айнасы, қайнаған пікір алаңы десек те, қалың жұртшылық айналадағы көп мәселенің көтерілу-көтерілмеуін, шешілу-шешіл­меуін қалам ұстағандармен байланыс­тырады. Дұрысы, үміт етеді. «Топ баста­ған көсемдер, сөз бастаған шешендер қай­да?» деген сыңайда... Бір қызығы, талай елдің қай­раткерлері саяси билік олимпіне шы­ққанға дейінгі қоғамдық қызметін «публ­ицист» деп көрсетіпті. Бұл латынның халық пен қоғам ұғымынан өрбитіні түсінікті.

Тұлға • 16 Мамыр, 2025

Смағұл сапасы

Саяси қайраткер, әдебиетші, ағартушы Смағұл Садуақасұлының дүниетанымы мен парасаты оның атқарған қызметі мен жазған еңбектерінде тұнып тұр. Енді алдымыздағы міндет – оны ұрпаққа тағылымды ету.

Тұлға • 15 Мамыр, 2025

Қалам қазанаты

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы қазақ прозасында айрықша із қалдырған танымал жазушы Мархабат Байғұттың көсемсөздік мұрасын сөз етерде ойымызда «қалам қазанаты» деген тіркес тұрды. Өйткені осы тұлғаның көркем сөзі мен публицистикасын байланыста қарасақ, дана Мұхтар Әуезов әдебиеттануға көп тер төккен әріптес інісін «еңбекторы» деп бағалағандай, қайталанбас қадір-қасиеті айқындала түседі. Көзі қарақты адам «торы», «боз», «кер», «қазанат» ұғымы тұрған жерде жылқы сапасы меңзелетінін жақсы біледі.

Пікір • 22 Наурыз, 2025

Жаңару жосығы

Жыл сайын Наурыз қарсаңында қалың жұрттың жадыраңқы көңіл күйін көріп, жақсылықтан үміттенеміз. Оның үстіне кейінгі уақытта әр өңірде түрлі форматта өткізіліп жүрген мереке іс-шаралары «Наурызнама» деген атаумен бірізге, жүйеге түсе бастады. «Нама» – хат мағынасын беретін атау. Наурыз хаты, жаңа күнді қарсы алудың бағдарламасы мен хаттамасы, Ақаңша (А.Байтұрсынұлы) айтсақ, жосығы.

Пікір • 08 Наурыз, 2025

Алтын кереге

Біз әдетте әйел тұлғасы немесе әйел заты десек, ойымыздың түкпірінде отбасының алтын арқауы мен берекесі тұрады. Соны­мен бірге ұлт танымында «ана» ұғымы «елдік дәстүр» құндылығының мән-мағынасын толықтырады.

Пікір • 01 Қаңтар, 2025

Жауапкершілік өлшемі

Ресми жыл басталарда «Өткен жыл несімен есте қалды?» деп сұрақ қоярымыз анық. Психологтердің пікірінше, адамның жадында көбіне ескі жылдың алабөтен және соңғы оқиғалары жатталып қалады. Осы тұрғыдан келсек, әлбетте, есімізде алапат тасқын суды еңсерген елдік қуатымыз, парасатымыз алға шығары сөзсіз. Сол сын сағаттарда бір ақсақал «Елдің күші – селдің күші» деп, табиғат апатына төтеп берердей бата берген еді. Мемлекет басшысының өзі бастап, қауіп-қатер мен қиындықтың өтінде жүргенде халық елдігімізге де, бірлігімізге де сенді. Ал жаз бен күз жалғасар тұста жылдам ақшаңқан үйлер, шағын аудандар тұрғызыла бастағанда мемлекет пен іскер азаматтар күш біріктірсе, шешілмейтін мәселе қалмайтынын өз көзімен көрді. Мұны Алаш заманында «Игілік қоғамы», «игі іс» дер еді.

Зерде • 01 Қаңтар, 2025

Қайраткердің 93 жыл бұрынғы суреті

Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Egemen Qazaqstan» газетінің тарихи редакторы («Еңбек туы», «Еңбекші қазақ» ке­зе­ңіндегі) Смағұл Садуақасұлының туғанына (1900–1933) 125 жыл толады.

Тұлға • 15 Қараша, 2024

Тұрар және Алаш

Тарихымыздың аса күрделі кезеңдері туралы аңыз бен ақиқат, фольклор мен мұрағат қатар өрілгеннен кейін бе, осы күні БАҚ-та асығыс тұжырым, біржақты дәйек жарияланып жатады. Бірақ оны тездетіп түзеп, қателіктен сабақ алғанымыз абзал.

Пікір • 13 Қараша, 2024

Байсалды белес

«Egemen Qazaqstan» газетінің 105 жылдық белесі тұсында жалпы ұлт баспасөзі, журналистика бастауы, сабақтастығы туралы ой қозғауға мүдделіміз.

Пікір • 04 Қараша, 2024

Алтын қазық

Республика күніне арналған салтанатты іс-шарада Мемлекет басшысы қайта жаңғырған ұлттық мерекені «Азаттықтың алтын қазығын қаққан күн» деп сипаттады.