Шаруашылық • 01 Сәуір, 2026
Көктемгі дала жұмысы қарқын алды
Түркістан облысында биылғы көктемгі егіс науқаны жоспарға сай жүріп жатыр. Шаруалар дала жұмысына ерте кіріскен. Мысалы, өңірдің оңтүстік аудандарында диқандар қаңтарда қырыққабат көшеттерін егеді. Жалпы, биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарына 919 мың гектар жер лайықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға артық. Оның ішінде 536 мың гектарға жаздық дақыл, 208 мың гектарға күздік егіс, ал 175 мың гектарға жоңышқа өсіріледі. Ерте пісетін көкөніс пен картопты 24 мың гектарға егу жоспарланған.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2026
Қайырымдылық – баршаны біріктіретін құндылық
Рамазан айында ізгі амал жасау түркістандық жастар арасында дәстүрге айналған. Жылдағы үрдіспен Түркістан қаласындағы «Бекзат» шағын ауданының 1995 жылы туған ер-азаматтары көпбалалы отбасына баспана кілтін табыстады.
Саясат • 27 Наурыз, 2026
Өңірде энергия тапшылығы болмайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға сапары барысында өткен облыс жұртшылығымен кездесуде 70 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген Кентау жылу энергия орталығын жаңғыртуға қомақты қаржы бөлінгенін атап өтті. «Сондай-ақ тағы бір маңызды мәселе – облыста салынып жатқан бу-газ қондырғысының құрылысын тездету керек. Жұмыс созылып кетті. Үкіметке және «Самұрық-Қазынаға» осы мәселені қатаң бақылауға алуды тапсырамын», деді Президент. Осы орайда Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы базасында салынып жатқан электр стансасының құрылысын тексерді.
Айтыс • 27 Наурыз, 2026
Түркістанда белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің, «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері, Түркістан қаласы мен Отырар ауданының құрметті азаматы Бекарыс Шойбековтің мерейтойына арналған «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» атты «Наурыз» республикалық ақындар айтысы өтті.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2026
Табиғаттың оянуын, ынтымақ пен тазалықты білдіретін Жаңару күнінде жаппай ағаш егу, қоршаған ортаны көгалдандыру дәстүрге айналған. Дегенмен бұл игі іс-шараларды көктем ерте шығатын Түркістан өңірінің тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенді атқарып келеді.
Дәстүр • 18 Наурыз, 2026
Түркістан облысында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, ұрпақ сабақтастығын дәріптеу мақсатында Наурызнама онкүндігі аясында іс-шаралар кеңінен аталып өтіп жатыр.
Кино • 05 Наурыз, 2026
«Алан туралы аңыз» көрерменге жол тартады
Шымкенттегі «САҚ» киностудиясы «Алан туралы аңыз» атты толықметрлі анимациялық фильмін көрерменге ұсынады. Заманауи динамикалық стильде түсірілген туынды халықаралық аудиторияға түсінікті, шытырман оқиғаға толы форматта жасалған.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Келісім мен тұрақтылық темірқазығы
Шымкент қаласындағы Жұмабек Тәшенов атындағы университетте еліміздің жаңа Конституциясын қолдауға арналған басқосу өтті.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауыл округінде орталықтандырылған ауызсу жүйесінің болмауы тұрғындарға қиындық тудырып келген-ді. Ауыл тұрғындары ұзақ уақыт бойы ашық су көздері мен жеке құдықтарды пайдаланып, тасымалдау арқылы ауызсумен қамтылған еді. Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Жібек жолы, Зортөбе, Сарқырама, Жаңақұрылыс және Қарабау елді мекендерінде ауызсу жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде аталған ауылдар сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Ауызсу ғана емес, ауылдар бүгінде тұрғындардың жайлы тұрмысына қажетті сапалы инфрақұрылыммен қамтылған.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Тұрғындар түйткілін кім шешеді?
Облыс орталығы Түркістанда кейінгі жылдары халық саны артқан. Осы тұрғыда тұрғындарды баспанамен қамту – өзекті мәселенің бірі. Одан бөлек, қалада 95 мыңнан аса адам жеке тұрғын үй салу үшін тегін жер телімін алу кезегінде тұр. Олардың алды 25 жылдан бері кезегін күтіп жүр. Ал қалада 2005 жылдан бастап жер беру тоқтатылған.