Медицина • 10 Қазан, 2025
Денсаулық сақтау басшыларының V Республикалық форумы өтті
Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруде басшылардың көшбасшылық қасиеттері, кадр даярлау сапасы, инфрақұрылымды жаңарту және жеке сектордың қатысуы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы жыл сайын сала мамандарына көшбасшылық дағдыларды дамытуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаң ұсынады. Мысалы, осы жолы сала мамандары Денсаулық сақтау басшыларының V Республикалық форумында бас қосты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 09 Қазан, 2025
10 мың отандасымыз донор болуға келісімін берген
Ел медицинасының мәйіттік донорлыққа бет бұрғанына аса көп уақыт өтпесе де тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізіп отыр. Оған 2013 жылдан бері сәтті өткен бауыр, бүйрек, жүрек ауыстыру операциялары дәлел, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 08 Қазан, 2025
Дәрі-дәрмекті таңдау еркіндігі беріледі
Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа тетігін енгізуге кірісті. Нақтыласақ, дәрілерді бірлесіп төлеу жүйесі іске қосылады. Қанатқақты жоба биыл Астана қаласында басталып, қолданыстағы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін толықтырады, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 06 Қазан, 2025
Туризмдегі деректерді есептеуге ЖИ көмектеседі
Алматы тау кластеріне, Бурабайға тағысын-тағы демалыс аймақтарына шетелден туристер көп барды деген статистиканы жиі оқимыз. Енді осындай мәліметтерді жиып, дәлме-дәл есептеу үшін жасанды интелект пен мобильді деректер көмекке келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 25 Қыркүйек, 2025
Елімізде жұқпалы ауру едәуір азайды
Жыл басынан бері елімізде жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі және паратифті қоса алғанда, 21 инфекциялық ауру тіркелмеген, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 16 Қыркүйек, 2025
Балаға қамқорлық денсаулық сақтаудан басталады
Елімізде шамамен 7 миллион бала тұрады. Медицина мамандары әр баланың жағдайын құрсақта жатқан кезден-ақ бақылайды. Дұрыс жетілуін қадағалайды. Бала дүниеге келген соң да медициналық тексерулерден жиі өтіп тұрады. Жыл сайын 2 миллионнан астам бала туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі аралықтағы скринингтен өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 15 Қыркүйек, 2025
Әйелдер ерлерге қарағанда қатерлі ісікке жиі шалдығады
Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан 236 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда тұрады. Ең өкініштісі, жыл сайын 41 мыңнан астам науқасқа онкологиялық ауру диагнозы қойылып, аурудың осы түріне шалдыққан науқас саны 5-6%-ға көбейеді, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Қыркүйек, 2025
Суармалы жерлердің ахуалы қалай?
Климаттық өзгерістерге басқа-басқа ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар дайын болуы тиіс. Себебі биыл да вегетация кезеңі күрделі климаттық жағдайда өтіп, көктемде аптап ыстыққа байланысты суару маусымы әдеттегіден 20 күнге ерте басталды. Ол аздай еліміздің оңтүстігіндегі өлкелерде топырақтағы ылғалдың аз болуы су шаруашылығына теріс әсер еткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Тамыз, 2025
Жастар климаттық өзгерістерге бейжай қарамайды
Nazarbayev University медицина мектебінде жастардың климат жөніндегі ұлттық конференциясы, LCOY Kazakhstan 2025 іс-шарасы өтті. Жастарды климаттық бастамаларға тартатын іс-шара елімізде осымен төртінші мәрте ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Тамыз, 2025
Стационарларда 152 полиция бекеті ашылды
Кейінгі жылдары медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау фактісі жиілегенін білеміз. Содан Мемлекет басшысы қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жазалау шараларын қатаңдатуды тапсырған еді, деп жазады Egemen.kz.