
Медицина • 17 Сәуір, 2025
Үздік медициналық ұйымдар анықталды
Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ТМККК, МӘМС шеңберінде медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар мен республикалық ғылыми орталықтардың рейтингін жариялады.
Оқиға • 16 Сәуір, 2025
Жасырын жұмыс істеген майнинг-ферма анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Астанада заңсыз майнингпен айналысқандардың 900 млн теңгеден астам мүлкін тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2025
Босанған аналар қанша жәрдемақы алады?
Жыл басынан бері елімізде бала тууына және бала күтіміне байланысты төленген жәрдемақының жалпы соммасы 221 млрд теңгеден асқан. Мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік сақтандыру қорынан босанғанға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты төлемдер 246,73 мың адамға тиген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Сәуір, 2025
Жастарды баспаналы ететін бағдарлама
Астана, Алматы, Шымкент секілді ірі шаһарларға қоныс аударатын жастардың ішінде оқыған, тұрақты жұмысы барларының өзі бірден тұрғын үй алуға шамасы келе бермейтіні рас. Өйткені көбіне жастардың жалақысы жалдап отырған пәтерінің ақысынан артылмайды. Осынау әлеуметтік мәселені шешу мақсатында мемлекет тарапынан 2019 жылдан бастап жұмысы бар жастарды жалдамалы пәтермен қамтуға мүмкіндік жасалды.
Қоғам • 05 Сәуір, 2025
Мәселені сабырмен шешкен ұтады
«Ашу – дұшпан, ақыл – дос» деген. Ақыл-сана, пайым-парасат туралы мақал-мәтел, даналық сөздерді тізе берсек, таусылмайды. Сөз ұғатын жұрт қашанда қайсыбір мәселені дабырмен емес, сабырмен шешуге бейіл келетіні анық. Психолог мамандар эмоциясын тізгіндей алатын адамдар өмірде жиі жетістікке жетеді деп тұжырмдайды.
Отбасы • 03 Сәуір, 2025
Отбасын жоспарлаудың салмағы мен жауапкершілігі
Отбасылық-демографиялық саясат – ел дамуының стратегиялық бағыты. Сол себепті мемлекет отбасы құндылықтарын насихаттайтын бастамаларды қолдауға, дәріптеуге, ана мен баланың құқығын қорғауға күш салады. Құндылығы қым-қиғаш қоғамда неке және отбасы институтына жеңіл-желпі қарайтын жастар көбейгені рас. Оның ішінде ажырасқан отбасылардың көбейгені алаңдатпай тұрмайды.
Туризм • 02 Сәуір, 2025
Көкжиегі кең, келешегі зор сала
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында туризм аймақтардың дамуына серпін беретін сала болуға тиіс екенін айтты. Туризм – экономиканың қарқынды дамуына ықпал ететін әрі инвесторлар үшін тартымды сала. Осы тұрғыда еліміз географиялық жағынан оңтайлы орналасқанына, алуан түрлі табиғатымыз, бай әрі бірегей тарихи-мәдени мұрамыз бар екеніне қарамастан, туризм саласындағы әлеуетін толық, жан-жақты пайдаланбай келеді.
Маман • 02 Сәуір, 2025
Білікті жолбасшы маманға зәруміз
Көрікті жерлердің ажарын ашып, туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқан кезеңде қонақтарға жол сілтеп, сапалы қызмет ұсынатын гидтердің жұмысында кемшілік болмауға тиіс. Қызмет сапасын айтпас бұрын, дәл қазір елімізде гид мамандардың тапшылығы байқалады. Дерекке сүйенсек, 300-ден аса адам гид ретінде жұмыс істеп жүрсе, ресми реестрде 80-нен аса ғана гид тіркелген.
Маман • 29 Наурыз, 2025
Гамма-пышақтың «тілін» меңгерген маман
Нейрохирургия – медицинаның ми, жұлын, омыртқа ауруларын емдейтін бағыты. Дамыған медицина бас жарақатын, ісікті, мидың функционалдық ауруларын, қан тамырларының патологиясын, эпилепсиямен қоса паразитарлы инфекцияларды емдеп жазуға қауқарлы. Саладағы жаңалықтардың бірі ретінде мүмкіндігі мол гамма-пышақ радиохирургия кешенін айтсақ болады. Жаңа технология болған соң, оны екінің бірі пайдалана алмайды. Нейрохирург Зада Айтмұқанбетқызы дәл осы қондырғының тілін білетін дәрігер.
Жұмыс • 27 Наурыз, 2025
Елімізде кәсіптік-техникалық білім беретін 772 ұйым бар, онда 565 мың студент оқиды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарды даярлауға басымдық беру керегін айтты. Өйткені олардың ертең-ақ оқуын тәмамдайтынын ескерсек, түлектер жұмыссыздардың емес, жұмысшы мамандық иелерінің қатарын толықтыруға тиіс. Сонда еңбек нарығында жұмысшыға тапшылық болмайды.