
Қоғам • 21 Қаңтар, 2025
«Яндекс Go» мүгедек жандарға қолжетімді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету жөніндегі қанатқақты жобаны қолға алғалы біраз уақыт болды. Өткен жылы Астана, Алматы қалаларында қызметтің осы түрі 207,2 мың мәрте көрсетілді.
Денсаулық • 21 Қаңтар, 2025
Кардиологтер пациенттерге жүрек саулығына жүре қарауға болмайтынын үнемі айтып, ескертіп отырады. Өйткені бұрын ересектерде ғана кездесетін небір емі күрделі аурулар жасарып барады, жас талғамайды. Астана қаласы әкімдігіне қарасты №8 қалалық емхананың кардиолог дәрігері Зүбилә Көпейқызының пікірі де осыған саяды.
Медицина • 17 Қаңтар, 2025
Медицина саласы: мақсат пен меже
Денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы жылдан-жылға көбейетін – табиғи үдеріс. МӘМС жүйесі енгізілгелі бері оның көлемі еселеп артты. Медициналық қызмет, жоғары технологиялық операциялар бұрынғыдан қолжетімді бола бастады. Дегенмен Президент Қ.Тоқаев Жолдауда атап өткендей, былтыр денсаулық сақтау саласына бюджеттен қаралған 3,3 трлн теңге қаржының нәтижесі соншалықты көрінбеді. Сол тұрғыда биыл кем-кетіктің орнын толтыратын шешімдер қабылдана ма?
Қаржы • 16 Қаңтар, 2025
«Ұлттық қордың» балаларға шапағаты
Құқықтық мемлекетте, әділетті, ашық қоғамда білімді, бәсекеге қабілетті балалар таршылық көрмей өсуге тиіс. Кешегі мұғалімдердің мәртебесін арттыруға негіз болған бағдарламалардың, «Жайлы мектеп» жобасының шарапаты түптеп келгенде жас буынға тиеді. Балалар жылы аясында Мемлекет басшысы ұсынған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының мән-маңызы ерекше. Былтыр осы бағдарлама шеңберінде 7 миллионға жуық балаға қаржы түскен.
Медицина • 15 Қаңтар, 2025
Бірегей орталықтағы елеулі жетістіктер
Президент Іс басқармасы медициналық орталығының мүмкіндігі жылдан-жылға артып келеді. Саладағы үздік кадрларды жиған орталық озық технологияларды қолданысқа енгізу жағынан да көш ілгері. Сол тұрғыда мұндағы білікті мамандар өңір дәрігерлерімен стратегиялық байланыс орнатып, еліміздің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға көмектеседі.
Құқық • 11 Қаңтар, 2025
Әдетте тұтынушылар кәсіпкер ұсынған қызмет сапасына көңілі толмаса жылы жауып қоя салады. Мұндайда тұрғындар құқығы бұзылғанын білмейді немесе тұтынушылардың құқығын қорғайтын комитет барынан бейхабар. Дегенмен статистикалық деректерге үңілсек, тұтынушылардың құқықтық сауаты жылдан-жылға артып келе жатқанын байқаймыз.
Медицина • 09 Қаңтар, 2025
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кәсіби борышын орындау кезінде көрсеткен қайсарлығы мен батылдығы үшін жедел медициналық жәрдем қызметінің мамандарын марапаттады.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024
Әлеуметтік жәрдемақы мөлшері қандай?
Жыл басынан бері мүгедектігі бар жандарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 560 млрд теңге жұмсалған. Осыған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 73,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем төленген.
Елорда • 24 Желтоқсан, 2024
Коммуналдық қызмет күшейтілген режімге көшті
Астанада бірнеше күн төпелеп жауған қар қала тұрғындары мен коммуналдық қызметтің жұмысшыларын әбігерге салды. Әсіресе коммуналдық қызметтің техникалары күн-түн демей қар құрсауында қалған көшелерді тазалауға шықты.
Елорда • 24 Желтоқсан, 2024
Елорда тұрғындары енді Нұра ауданындағы мұз айдынында конькимен сырғанап, сырғанақ тебеді. Бірер күн бұрын ересектер мен балаларға, жалпы аудан тұрғындарына қолайлы орынның ашылу салтанаты өтті.