
Саясат • 09 Қазан, 2023
Мәдени даму және мемлекеттік ұстаным
Биылғы тоғыз айда интернетте үгіт-насихат, терроризм және діни экстремизм қағидаларын қамтитын 14 860 материал жарияланған. Бұл – Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік желілерге жүргізген мониторингі кезінде анықталған сан. Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте сала басшысы Аида Балаева осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
Сайлау • 09 Қазан, 2023
249 азамат әкім болудан үмітті
Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанға дайындық жұмыстарының қорытындысын шығарды. Бүгінде республика бойынша барлығы 249 үміткер тіркелген. Оның 64 пайызы – өзін-өзі ұсынушылар. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды.
Әлем • 08 Қазан, 2023
Төрткүл дүние көз тіккен Нобель сыйлығы
Швеция астанасы Стокгольмде және Норвегияның Осло қаласында Нобель апталығы басталды. Лауреаттар қазанның 2-сінен бері біртіндеп анықталып жатыр. Биыл бейбітшілік бағыты бойынша Нобель сыйлығы 351 үміткердің арасынан ирандық құқық қорғаушыға бұйырды. Әлемдегі ең беделді сыйлықтың өзге салаларында кім үздік деп танылды?
Қоғам • 04 Қазан, 2023
Алқалы жиынның арқауы – Ана даналығы
Ел халқының 51 пайызы – әйелдер. Алайда республиканың 20 өңіріндегі атқарушы органдардағы нәзік жандардың жалпы үлесі 17,8 пайыз ғана. Ашып айтсақ 75 орынбасардың ішінде 4-і ғана әйел. Осындай өзекті мәселені Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден «Ұлт рухының ұясы – Ауыл-Ана» атты алқалы жиында көтерді.
Ауыл • 03 Қазан, 2023
Жедел желі ауыл жастарын қолдайды
Өңірлерде жастарды қолдау бағытындағы жедел желі жұмыс істеп тұр. Мұнда мамандар 35 жасқа дейінгі азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа тұру, тұрғын үй алу, жеңілдігі бар несиеге ілігу сынды мәселелер бойынша тегін кеңес береді.
Байқау • 03 Қазан, 2023
«Елім дегендер» байқауы басталды. Байқау Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында қазанның 1-і мен 20-сы аралығында ұйымдастырылуда. Оған әр өңірден 14 пен 35 жас аралығындағы өзге этнос өкілдері ғана қатыса алады.
Құқық • 03 Қазан, 2023
Борышкерлер қарызы – 7 млрд теңге
Елімізде 132 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал 76-сының лицензиясы уақытша тоқтатылса, 16 тұлғаға түрлі заңды әрекеттер мен құжаттарды куәландыруға шектеу қойылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023
Қазір жұрттың көбі, әсіресе жастар жағы «шаршағаныңды басатын, көңіліңді ашатын» энергетикалық сусынды көп ішеді. Сергек жүру үшін сергіткіш сусынды пайдалану қалыпты жағдайға айналды.
Құқық • 27 Қыркүйек, 2023
Елімізде соңғы 8 айда жол-көлік апатынан 1 500 адам мерт болған. Қара жол үстінде тіркелген апат саны өткен жылға қарағанда әлдеқайда аз. Бірақ қайтыс болғандар арасында кәмелетке толмаған 189 жасөспірім бар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға көп. Жолдағы қауіп-қатерді қалай азайтуға болады?
Жастар • 25 Қыркүйек, 2023
UNICEF Talks: Айтары барға – ақ жол!
Астанада БҰҰ Балалар қорының ұйымдастыруымен UNICEF Talks жастар конференциясы өтті. «Рublic talk» форматындағы іс-шараның басты көздегені – жастардың үнін қоғамға естірту. Жиында он алты жас спикер сөз сөйлеп, өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Бұған қоса жастар креатив идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.