
Қоғам • 14 Қаңтар, 2025
Кәсіпкерлерге заңнамалық өзгерістерді түсіндірді
Мәжіліс депутаттарының өңір халқымен кездесуінде бірқатар өткір проблема көтерілді. Мәселен, Семей қаласындағы сайлаушылар жылу қазандығының 60 пайызының тозығы жеткенін, бизнес өкілдері сертификаттау рәсіміндегі жаңа талаптардың күрделілігін, Ақтөбедегі дәрігерлер медициналық құрал-жабдықтардың және операция жасауға бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігін айтып, уәжін жеткізді.
Саясат • 10 Қаңтар, 2025
Өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады
Мәжіліс депутаттары өңірдегі жұртшылықпен жүздесуін жалғастырды. Кеше бір топ халық қалаулылары Теміртау қаласындағы газ тарату желілерінің, енді бірі Маңғыстау облысындағы күн, жел және газ энергиясымен жұмыс істейтін электр стансасының құрылыс барысымен танысты.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2025
Жұртшылықты заңнамалық өзгерістерден хабардар етеді
Елімізде шешімін таппай отырған мәселелер жетерлік. Әсіресе әлеуметтік салада электр энергиясы, жылу, азаматтардың жұмыссыздығы мен ауызсу секілді қордаланған, депутаттардың араласуын күткен проблемалар аз емес. Осы мақсатта халық қалаулылары жаңа жылды өңірлерді аралаумен бастады.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2025
Халық Ассамблеясы: 30 жылдық өріс
Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған ұйымның мерейлі белесін мерекелеу аясында 150-ден аса іс-шара ұйымдастырылады. Бірақ бүтін елге маңызды датаны атап өтуде ысырапшылдық пен артық шығынға жол берілмейді.
Үкімет • 27 Желтоқсан, 2024
Денсаулық сақтау мәселесіне қатысты құжат жобасы мақұлданды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Жиында депутаттар денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң мен оған ілеспе түзетулерді және пошта туралы құжатты екінші оқылымда қабылдады. Бұған қоса екі құжатты ратификациялады.
Волонтер • 07 Желтоқсан, 2024
Үздік волонтерлер марапатталды
Жылдың үздік волонтерлері анықталды. Халықаралық сыйлық биыл 15 бағыт бойынша үлестірілді. Конкурсқа барлығы 118 өтінім түскен. Нәтижесінде, озық болған 47 үміткер іріктеліп, сыйлық иегері атанды.
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі журналистерге арнайы баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараға 50-ге жуық медиа өкілі қатысты. Қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге арналған медиа-орталық, агенттік пен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тарихи мұражайы, цифрлық коворкинг-залы, кітапхана жұмысымен танысты.
Саясат • 30 Қараша, 2024
Әйелдер мен балалар қауіпсіздігі басты назарда
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті. Жиында әйел тергеушілердің әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеуге мамандануы және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі Ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметі талқыланды.
Көрме • 30 Қараша, 2024
Тарихи тұлғалардың күрескерлік шежіресі
Астанада «Тарихи тұлғалар туралы толғам» атты көрме ашылды. Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шара мемлекет қайраткерлері Мұхаметжан Тынышбаевтың 145, Мұстафа Шоқайдың 134, Сәкен Сейфуллиннің және Тұрар Рысқұловтың 130 жыл мерейтойларына арналған.
Үкімет • 28 Қараша, 2024
Экономиканың маңызды салаларын қаржыландыратын құжаттар
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында депутаттар Су кодексінің жобасын және су ресурстарын қорғау мен пайдалану мәселелері бойынша ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда, есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.