Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
203 материал табылды

Заң мен Тәртіп • 17 Маусым, 2025

Жасөспірімдерді қылмыс тұзағынан қалай құтқарамыз?

Қазір әлеуметтік желідегі неше түрлі ақпарат пен фото-видеоларды ашып қалсаңыз, өкінішке қарай 90-жыл­дар­дағы бұзақылар мен тентектер еске түседі. Бұл цифрлы технология дәурен құрған замандағы қаралым жинаудың амалы дерсіз. Бірақ құзырлы органдар ұсынған қылмыс пен заңбұзушылық көрсеткіштері алаңдатады. Сонда мұның себебі неде? Жай ғана интернеттің әсері ме, әлде шешілмей келе жатқан әлеуметтік не тәрбиелік түйткіл ме?

Саясат • 17 Маусым, 2025

Жаңа кезеңге қадам басқан сенімді серіктестік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төраға­сы Си Цзиньпин келді. Президент мәрте­белі мейманды Астана әуе­жайы­нан қарсы алды. Торапта Құрмет қарауы­лының ротасы сап түзеді. Қазақ­стан мен Қытай туларын ұстаған жеткін­шектер қошемет көрсетті. Ал әуежай терми­на­лында ҚХР Төраға­сы­мен балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлем­десіп, күтіп алды. Содан соң өнерпаздар қос халық­тың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.

Қоғам • 12 Маусым, 2025

Борышкерлер қарызы 19 млрд теңгеге жетті

Жыл басынан бері елімізде алимент төлемегені үшін 126 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков мәлімдеді.

Айбын • 10 Маусым, 2025

Офицерлер қатарына жаңа буын қосылды

Астанада Ұлттық қорғаныс университетінің жедел-тактикалық басқару буыны бойынша білім алған магистрант-офицерлерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Биыл жоғары оқу орнын 150-ден аса магис­трант сәтті аяқтады. Енді олар Қарулы күштер мен өзге де әскерлер және әскери құрылымдардың командалық құрамын толықтырады.

Үкімет • 05 Маусым, 2025

Отандық дәрі-дәрмек көлемі қайтсе артады?

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төраға­лығымен жалпы отырысы өтіп, жиында 2024–2025 жылдары фармацевтика саласында жүргізілген екі аудиттің қорытындысы жарияланды. Сондай-ақ жиында комитеттер жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдап, халық­ара­лық келісімдерді ра­ти­фикациялауға қа­тыс­ты мәселелерді қарады.

Заң • 04 Маусым, 2025

Қызмет сапасын арттырудың заңнамалық қадамы

Maqsut Narikbayev University базасында «Қазақ­стан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң жобасының негізгі ережелері талқы­ланды. Дөңгелек үстел форматында өткен жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі­нің төрағасы Дархан Жазықбай, Мәжіліс депутаттары, университет басшылығы, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Қаржы • 03 Маусым, 2025

Трансферттерді айқындаудың әдістемесі әзірленеді

Елдегі біраз өңір республикалық бюджет есебінен күн көріп отыр. Былтыр донор деп танылған Атырау облысы, Астана және Алматы қаласынан мемлекет қазынасына жалпы сомасы 470 млрд теңге түскен. Ал аймақтарға бөлінетін субвенция 5,3 трлн-нан аса теңгені құраған. Айырмашылық ауқымы ашып айтпаса да, түсінікті. Мәселе Мәжілісте өткен Үкімет сағатында талқыланды.

Қоғам • 21 Мамыр, 2025

Қоғамдық тәртіпті нығайтудың жаңа қадамы

Мәжілісте қоғамдық палата отырысы өтіп, жиында «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» жаңа заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер талқыланды. Құжатты Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын іске асыру аясында әзірлеген.

Жасанды интеллект • 20 Мамыр, 2025

Мемлекеттік қызметтегі ЖИ ашықтық пен тиімділік құралы

Астанада орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз хатшыларына арналған «Халықпен тиімді коммуникация үшін жасанды интеллект» атты семинар-практикум өтті. Үш күнге жалғасқан іс-шарада қатысушылар заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы мемлекеттік құрылымдар мен азаматтар арасындағы өзара байланысты жетілдіру жолдарын талқылады. Басты назар қоғаммен байланыс сапасын арттыруға, ашықтықты қамтамасыз етуге және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 17 Мамыр, 2025

Ел мүддесі һәм 50 үміткер

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне (ПЖКР) кезекті іріктеу басталады. Осыған орай Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай журналистерге арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Брифингте биылғы іріктеудің ерекшеліктері айтылды.