
Жастар • 28 Қараша, 2024
Мұнайлы өңірдің өндірістегі жұмысшы жастары арнайы слетте бас қосты. Іс-шара Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер альянсы» КҚ «Active youth» жобасы аясында ұйымдастырылған. Мақсат – өңірдегі жұмысшы жастардың еңбегін бағалау, оларға қолдау көрсету және кәсіби дамуына ықпал ету.
Тәрбие • 28 Қараша, 2024
Заң үстемдік құрған, азаматтық қауіпсіздік басты талап етілген қоғамда жастар құқықтық тұрғыда сауатты болуға тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да мәлімдеді. Сонымен, қазіргі жастар өз құқын қаншалықты біледі?
Жастар • 23 Қараша, 2024
Түркі жастарының басқосуы: болашақта бауырластық нығая түсетінін көрсетті
Түбі бір түркі мемлекеттерінің жастары Алматыда бас қосты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен ауқымды форумға 25 мемлекеттен 200-ге жуық жас қатысты. Бауырластық, достық туын желбіреткен жиын елдер арасындағы мәдени, тарихи, ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды әрі оны жаңа белеске көтеруді көздейді.
Жоба • 21 Қараша, 2024
Елімізде 200-ден аса алаяқтық схема әшкереленді. Заманауи қылмыскерлердің құрық бойламайтын қулығын «Alayaq.net» жобасының қырағы еріктілері мен құқық қорғау органдары анықтаған. Бастама екі жылда жастардың қаржылық сауатын арттыруға да септігін тигізген.
Қоғам • 15 Қараша, 2024
Атырау белсенділері – елордада
Мұнайлы өңірдің «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебінің резиденттері Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмысымен танысты. Олар Астанаға сапарлап, мемлекеттік аппараттың негізгі нысандарына барды.
Сұхбат • 15 Қараша, 2024
«Қоғам мүлкі өз мүлкіміздей қорғалуы керек»
Ел ішінде қоғамдық дүниені бүлдірмесе тыныш жүре алмайтын желөкпелер көбейіп барады. Құқық қорғау органдары алғашқы 6 айда бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін 5 мыңнан аса отандасымызды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ал ескерткіш пен ғимарат қабырғаларына граффити салып, көзге түспей жүргендері қаншама? Осы орайда «Жастар рухы» жастар қанатының өкілі Нұрсәулет Сапарбаевамен ұйымның вандализмге қарсы республикалық науқаны турасында әңгімелестік.
Форум • 09 Қараша, 2024
Аналар кеңесінің мерейлі белесі
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналған республикалық форум өтті. 7-8 қараша аралығында ұйымдастырылған ауқымды іс-шара аясында қоғамдағы Аналар кеңесінің рөлі, тұрмыстық зорлық-зомбылық, нашақорлықпен күрес және оның алдын алу шаралары, вандализм, ысырапшылдық мәселелері көтерілді.
Қоғам • 09 Қараша, 2024
Өңірлерді зерттеудегі маңызды қадам
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 8 облыстан өкілдік ашты. Өңірлік желі аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму серпінін бақылауға, түрлі талдамалық материалдардың сапалы болуына ықпал етеді.
Жастар • 09 Қараша, 2024
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы биылға екінші жаңа талдамалық жинағын жариялады. Әлеуметтанулық зерттеуде шекара маңы өңірлеріндегі жас буынның оқу және еңбек көші-қонының ерекшеліктері сарапталған. Құжат Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша әзірленген.
Қоғам • 09 Қараша, 2024
«World Population Review» зерттеуінше, Қазақстан есірткі тұтыну жөнінен әлемде ондыққа кірген. Ең сорақысы, делдалдардың шамамен 55%-ы – 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар.