
Концерттік бағдарламада әлемдік және қазақ симфониялық, вокалдық және камералық музыка үлгілері ұсынылады. Кеш барысында қазақ операларынан ариялар мен дуэттер, халық әндері, романстар, аспаптық миниатюралар мен Отан тақырыбындағы заманауи шығармалар орындалады.
Сондай-ақ кеш барысында көрермендер ұлттық симфониялық поэмадан бастап нәзік еуропалық классикаға дейінгі музыкалық туындыларды тыңдай алады.
«GRAND FEST» фестивалі – елорданың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналуды мақсат тұтқан, отандық музыкалық өнерді насихаттауға және қала тұрғындарының мәдени тыныс-тіршілігін байытуға бағытталған жобалардың бірі.
Ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасы, жанды музыка және жанрлық әртүрлілік – барлығы да түрлі буын өкілдерін өнер айналасына топтастыратын жылы әрі шабыт сыйлайтын атмосфераны қалыптастырады.