Айтолған ЖҮНІСХАН
Айтолған ЖҮНІСХАН«Egemen Qazaqstan»
355 материал табылды

Таным • 28 Ақпан, 2025

Арақ ішсе, ара да оңбайды

Аралар әлемінде тәртіп қатаң. Ережені бұз­ғандарға аяушылық болмайды. Ауыр жазаға тар­тылады. Ең қы­зы­ғы, аралар арасын­да «мас­күнемдік» кешіріл­мей­тін күнә саналады. Қалайша дейсіз ғой?

Таным • 27 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Шіріген алма

Фридрих Шиллердің шабыт шақыру тәсілі таңғаларлық. Ақын жұмыс үстелінің тартпасына құрт түскен алмаларды жинап, олардың өткір иісінен шабыт алатын болған.

Таным • 27 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Қайшылықтар қақтығысы

Ақын, суретші, кинорежиссер Ричард Сикеннің тәсілі тіптен қызық. Бірінші кітабы жарық көрген соң, айтары таусылып, жан дүниесі бос қалғандай күй кешеді. Алайда суретшілік өнері екінші тынысын ашып, жазуға деген ынтасын оятады. Бірақ қызығы бұл емес.

Таным • 27 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Темірдей тәртіптен туған шабыт

Ерекше шығармалар көңілді түрт­пек­теп, жүректі қозғаған шабыттан туса керек. Алайда ол қайдан, қалай келетінін дөп басып айта алмаймыз. Әр шығармашылық адамы өзінше түйсінеді. Әркімнің шабыт шақыратын өз тәсілі бар. Мәселен, Харуки Мураками өнімді жазу үшін тәр­тіпті жөн санаған.

Қоғам • 26 Ақпан, 2025

Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталды

Бүгінгі әдебиетте елеулі ізденісімен көзге түскен жас таланттарды ынталандыру мақсатында 2024 жылғы Президенттік арнаулы әдеби сыйлық табысталды. Ұлттық музейде өткен салтанатты іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, зиялы қауым өкілдері, министрлік жанынан құрылған «Алқа» жастар әдеби клубының мүшелері қатысты.

Білім • 26 Ақпан, 2025

Білім мен ғылымды цифрландыру: бастама мен ізденіс

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде жоғары білім мен ғылым саласын цифрландыру жұмыстары талқыланды. Министрлік өкілдері жоғары білім берудің бірыңғай платформасын іске қосу, университеттерді цифрлық жүйеге көшіру бойынша атқарылған жұмыстарға есеп беріп, «KazLLM» ұлттық тілдік моделі мен «AI-Sana» инновациялық бағдарламасы туралы баяндады. Сондай-ақ халықаралық компаниялармен серіктестік пен ҰБТ жүйесіндегі өзгерістер туралы айтты. Сарапшылар бұл бастамалар білім саласын жаңа деңгейге көтеріп, оның ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратынын атап өтті.

Денсаулық • 26 Ақпан, 2025

Затты емес, сәтті сатып алыңыз

Адамзат тарихында дәл бүгінгідей жалғыздық жайлаған заман болған жоқ шығар. Болашақ туралы ойлау тіпті де қорқынышты. АҚШ-тың бас хирургі Вивек Мерти әлемде жалғыздық эпидемиясы өршіп тұрғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі күні әрбір екінші адам өзін жалғыз сезінеді. Ал зерттеулер көрсеткендей, жалғыздық жүрек ауруларын 29%-ға, инсульт қаупін 32%-ға арттырады.

Таным • 22 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Энергия өндіретін терезе

Калифорниядағы «Next Energy Technologies» компаниясы күн энергиясын өндіретін терезе ойлап ­тапты. Терезенің өлшемі 101,6 ×152,4 см, ал болашақта 152×304 см панельдер шығарылмақ.

Таным • 22 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Планеталар шеруі

28 ақпан күні кешке аспанда ерекше құбылыс – планеталар шеруі бо­ла­ды. Бұл күні Марс, Юпитер, Уран, Венера, Нептун, Меркурий, Сатурн бір сызық бойына тізіліп, күн бат­қан­нан кейін батыс көкжиектен көрі­неді.

Таным • 22 Ақпан, 2025

Ғалам ғажаптары: Қашықтан көретін технология

Енді қытайлар ғарыштағыны да анық көре алады. Ғалымдар өте ұсақ заттың өзін 100 км қашықтықтан көруге болатын лазер жүйесін жасап шықты.