Аймақтар • 21 Наурыз, 2025
26 отбасына пәтер кілті берілді
Жаңасемей ауданы Шүлбі кентінінің 26 отбасы биыл Наурыз мейрамын жаңа үйде жарқырап қарсы алды.
Спорт • 29 Қаңтар, 2025
Жерлесіміз Жапонияны дүр сілкіндірді
Токиодағы 11 мың көрерменге арналған әйгілі «Рёгоку Кокугикан» стадионында жалауын көтерген элиталы сумо күресінің қысқы турнирі мәресіне жетті. Бұл бәсекеде алматылық Ерсін Балтағұл үздіктер қатарынан көрінді.
Басылым • 25 Қаңтар, 2025
«Жартасты жастанған жасақ» жарыққа шықты
Қазақстан Қарулы Күштерінің құрметті ардагері, «Қызыл жұлдыз», «Құрмет» ордендерінің иегері, Ауған соғысына қатысушы, отставкадағы полковник Амангелді Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ» атты кітабы жарық көрді.
Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025
Азияның жабайы мысығы алғаш рет Қостанай облысындағы «Алтысай» экосаябақ аумағында кездесті. Былтырғы жаз бен күзде бірнеше жабайы мысық еліміздегі биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК) фототұзағына түскен. Біреуін мониторинг қызметкерлері фотоаппаратқа түсіріп алған.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2025
Қолдау орталықтарының қарымы зор
Астана қаласы отбасы институтын қолдау орталығында саланың қызметін жетілдіруге, полимодальды кеңесшілерді даярлауға бағытталған практикалық семинар-тренинг өтті. Келелі кеңеске Мәдениет және ақпарат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлері қатысты.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2025
Кейінгі кезеңде қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында бұрын-соңды соншалықты таныс емес, кең тарала қоймаған метапневмовирус сырқаты туралы алып-қашпа әңгіме көбейіп тұр. Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі Жедел респираторлық вирустық инфекцияларға жататын метапневмовирустың (MPV) әлемде таралуына қатысты түсініктеме берді.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2024
18 мыңнан астам қандас атажұртқа оралды
Бір кезде біршама бәсеңсіп қалған қазақ көші бүгінде қайта жанданып келеді. Биыл 18 мыңнан астам қандасымыз тарихи Отанына оралды.
Егемен Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2024
Қуаныш – С.Бердіқұлов сыйлығының лауреаты
Астанада Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Спорт саласындағы жыл үздіктері марапатталды. Салтанатты жиынға Парламент депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, спорт журналистері қатысты.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл көктемде күн райының күрт өзгеруіне байланысты еліміздің біраз аумағында ағыны қатты өзендер арнасынан асып, су қоймалары әдеттегіден ерте толды. Сөйтіп, он облыстың аумағын су басып, төтенше жағдай жарияланды. Беріктік пен бірлік сынға түскен тасқын кезінде ІІМ, ТЖМ, басқа да мемлекеттік органдардың күш-қуаты апаттық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізуге жұмылдырылды. Сонымен бірге бұл сынақ ел мен еріктілердің басын біріктірді.
Спорт • 18 Желтоқсан, 2024
Астанада әуесқой спортшылар арасында белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлын еске алуға арналған бильярдтан республикалық турнир өтті. Жарысқа белгілі қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, жалпы саны қырыққа жуық адам қатысты.