Өндіріс • 07 Тамыз, 2025
Елімізде өнім экспорттаушыны қолдау екі есеге өскен
Қазір отандық өнім өндірушілер мен оны қайта өңдеушілерді мемлекеттік қолдау шарасы жан-жақты жүргізіліп жатыр. Оған қоса, өңделген отандық өнімдерді экспорттауды қолдап, ұйымдастыру ісі де жылдам ілгерілеп келеді. Биылғы жартыжылдықта өңдеуші өнеркәсіпке көрсетілетін қолдау көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есе өскені байқалады, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 06 Тамыз, 2025
Атом электр стансасы жөнінде анық сөз
АЭС жобасы аясында реактор технологияcын жеткізушіні (вендорды) айқындауға ашық әрі бәсекелі диалог қолданылды. Әлемдегі жетекші реактор өндіруші компания басшыларымен келіссөз жүргізіліп, өндірістік нысандарға іс-сапар жасалды. Нәтижесінде ықтимал вендор шорт-тізіміне «Росатом», «China National Nuclear Corporation», «Électricité de France» және «Korea Hydro & Nuclear Power» кірді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 23 Шілде, 2025
Қытай сағатына 600 км жылдамдықпен жүретін пойыз жасап жатыр
Аспан асты елінің астанасы Бейжіңде CRRC компаниясы MODERN RAILWAYS 2025 көрмесінде 600 км/сағ дейінгі жылдамдықпен жүретін маглев пойызын көпшіліктің назарына ұсынды. Сөйтіп, болашақтағы жоғары жылдамдықты тасымалдарға инновациялық шешімдерді көрсетіп, таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Шілде, 2025
Сауда саласы 3 негізгі бағытпен дамиды
Кешегі Үкімет отырысында елдегі сауда саласының даму үрдістері күн тәртібіне шықты. Сала бойынша баяндама жасаған Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жарты жылда сауда көлемі 8,4%-ға өсіп, жалпы тауар айналымы 31,4 трлн теңгені құрағанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 16 Шілде, 2025
Қазақстан мен Ауғанстан маңызды меморандумға қол қойылды
Таяуда Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Ауғанстанға жұмыс сапары аясында Орталық Азия мен Оңтүстік Азия арасындағы теміржолды салу мен пайдаланудағы негізгі қағидаттар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Делегация құрамында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров та болды.
Экономика • 08 Шілде, 2025
Нарықтағы нақақтық ел қауіпсіздігіне төнген қатер
Отандық тауар өндірушілерінің жағдайын жақсарту мақсатында заң жобасы әзірленді. Алайда, осы пилоттық заң жобасында көрсетілген ұсыныстың басым бөлігіне Үкімет тарапынан теріс қорытынды берілген. Оның үстіне, отандық өндіруші мен сауда желілері арасындағы қатынастың заңнамалық тұрғыдан реттелмеуі жағдайды күрделендіріп, елдегі азық-түлік өндірісінің болашағына тікелей қауіп төндіріп отыр.
Экспорт • 20 Маусым, 2025
Қазақ бидайы Вьетнамға экспорттала бастады
Еліміздің жоғары сапалы бидайы тиелген транзиттік контейнерлі пойыз Қытайдың Ляньюньган портына барды. Ол – Вьетнамға арналған әрі «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» жіберген сегіз құрамның біріншісі. Жеткізу мультимодальды бағытпен жүзеге асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 20 Маусым, 2025
Ауыр жүк көлігіне арналған баспалдақ ойлап табылды
Арыс жол дистанциясының бас инженері Думан Асылханұлы КамАз ауыр жүк көлігін жүргізуші мен жөндеушілерге жақсы жаңалық жариялады. Дистанция рационализаторы Жомарт Сырлыбайұлы ауыр жүк көліктерін жөндеу кезінде пайдаланатын баспалдақ ойлап тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 12 Маусым, 2025
Климат мәселесі күн тәртібінде тұр
«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (FAO) қолдауымен «Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа жер пайдаланулары саласындағы көміртегі жобалары» тақырыбында тренинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Мамыр, 2025
Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау аясы кеңіді
Кәсіпкерліктің кеңге қанат жаюына көп кедергі бар дегенмен, ұлттың өркениетке қарайғы талабы мен талпынысы бұл жолда тап болған барлық тосқынды талқандап өтіп барады, деп хабарлайды Egemen.kz.