
Фото: ТЖМ
Іс-шара атом электр стансасының құрылысы қарсаңында азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мен қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі кешенді шаралардың бір бөлігі болды. Оқу-жаттығулар барысында мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, медициналық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру сценарийлері пысықталды.
«Қалқан-2025» оқу-жаттығулары еліміздің атом энергетикасы саласында озық технологиялар мен басқару әдістерін қолдануға дайын екенін, сондай-ақ елдің тұрақты даму қағидаттары мен аса маңызды нысандарды қауіпсіз пайдалануға бейілділігін көрсетті.