
Екі күн бойы қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық дәстүр мен заманауи өнер ұштасқан мазмұнды бағдарламаға куә болды. Фестиваль аясында отандық дизайнерлердің сән көрсетілімі ұйымдастырылып, GlobalNomads, Adili, Urpaq сынды брендтер өз коллекцияларын көпшілік назарына ұсынды.
Ұлттық киноны дәріптеген ашық ашпан астындағы «Жау жүрек мың бала» кинокөрсетілімінде белгілі актерлер Алтынай Нөгербек пен Тілектес Мейрамов көрермен мен өнердің арасын жалғаған рухани көпірге айналды. Бұған қоса, шеберлік аймақтарында келушілерге ұлттық дәстүрге негізделген шаш өру өнері мен табиғи материалдардан қолөнер бұйымдарын әзірлеудің қыр-сыры үйретілді.
«Nomad fest – дәстүр мен заманауи өнерді тоғыстыратын жаңа мәдени алаң. Оның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, оларды өнер мен мәдениетке баулуға ықпал ету», дейді ұйымдастырушылар.