Энергетика • 16 Маусым, 2023
Жаңғырмалы энергия – ел дамуының маңызды тетігі
Жуырда Ақмола облысының Бурабай ауданында «Qazaq green fest» жаңғырмалы энергия көздері фестивалі болды. Оған еліміздегі ғана емес, әлемдегі жасыл экономикаға ұмтылған мемлекеттік және көптеген қоғамдық ұйымның білікті мамандары қатысты. Игі шараға жиналғандар адамзаттың алдағы тұрмыс-тіршілігі мен қоршаған ортаны қорғаудың түрлі амал-тәсілдері, жасыл экономиканы тездетудің тиімді жолдары туралы ойын ортаға салды.
Аймақтар • 16 Маусым, 2023
Шымкент – инвесторларға қолайлы қала
Кеше Президент жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берді. Әкім тілшілердің сан алуан сұрағына жауап беріп, елдегі үшінші мегаполистің жай-күйімен жан-жақты таныстырды.
Үкімет • 13 Маусым, 2023
Міндет – халықтың әл-ауқатын арттыру
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осы жылдың қаңтар-мамыр айларындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.
Өнім • 08 Маусым, 2023
Азық-түлік қауіпсіздігі – ғаламдық мәселе
Осыдан екі жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жер-су ресурстарын барынша тиімді пайдалану мақсатында жердің құнарын арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу және су өткізу жүйелерін цифрландыру жөнінде іс-шаралар қабылдадық. Орнықты азық-түлік жүйелері туралы айтқан кезде көптеген елде су дипломатиясына қатысты мәселелер өзекті екені анық байқалады. Азық-түлік жүйелері жөніндегі проблемалар мен су ресурстарын басқару, шекаралық өзендерді пайдалану мәселелері өзара тығыз байланысты. Мұның барлығы азық-түлік жүйелері туралы келісімдерде көрініс табуы керек», деген еді.
Экспорт • 07 Маусым, 2023
Қазақстан бидайы Қытайға жеткізіле бастады
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарының алдын ала қорытындылары мен жаз мезгілінде су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.
Энергетика • 07 Маусым, 2023
Экономикалық дамудың басты тетігі – энергетика
Ертең елордада күллі әлемнің назары ауған «Астана халықаралық форумы» басталады. Оған бірқатар елден мәртебелі қонақтар да келді. Дүниеге танымал форумда қаралатын көп мәселенің бірі – энергетика. Құрлықтың қақ ортасындағы Қазақстанның бұл мәселеде де өзіндік айтары бар...
Форум • 02 Маусым, 2023
Көмір өндірісінде кідіріс болмайды
Кеше Астанада елдің көмір өнеркәсібінің IV форумы өтті. Ауқымды іс-шараға осы саладағы кәсіпорындар өкілдері мен шетелдік мамандар қатысып, ойларын ортаға салды.
Форум • 02 Маусым, 2023
Халықаралық іс-шараға кімдер келеді?
7-8 маусымда елордада «Астана халықаралық форумы» өтеді. Алқалы жиын аясында жаһандық сын-қатерлер, оған төтеп беру жолдары, еларалық байланыстарды бекемдеу мәселелері талқыланады.
Экономика • 01 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған іссапарында да, Мәскеуге барған кезінде де Еуразия кеңістігінде Батыс пен Шығыс арасына және Орталық Азия елдерінің ортасына оңтайлы орналасқан Қазақстан барлық мемлекеттің сауда жолдарын тиімді жалғай алатын транзит болатындығын алға тартты. Енді әлем алдындағы жауапкершілігі үлкен істі Қазақстан Үкіметі арқалап кете алса құба-құп.
Ауыл • 31 Мамыр, 2023
Қазір ауыл десең, әр қазақтың бір айтары бар. Мемлекет басшысы да ауыл шаруашылығын көтеріп, көсегесін көгертпей ел экономикасы ешқашан еңсе тіктеп, оңалмайтынына Үкіметтің назарын аударды. Нәтиже жоқ емес, ауылды дамыту тұжырымдамасы жасалып, бағдарламалар іске қосылды. Бірақ «әттеген-ай!» деп сан соғатын тұстары да баршылық. Мәселен, бақандай 2 795 ауыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енбей қалған. Бұл қазақ елінің өзегіне түскен алапат өрт іспетті. Себебін төменде тарқатып көрелік.