
Экономика • Бүгін, 09:13
Транзиттік бағыттар әртараптандырылады
Қазіргі геосаяси жағдайда елдегі транзиттік бағыттарды әртараптандыру шарасы аса маңызды болып отыр. Әсіресе Орта дәліздің өзектілігі күшейе түсті. Жақында Каспий теңізінің түбімен Қазақстан мен Әзербайжан арасында жоғары жылдамдықты интернет-кабель тарту жұмыстары басталды. Сонымен бірге, Транскаспий мұнай-газ құбырын салу мүмкіндігі де зерделеніп жатыр.
Энергетика • Кеше
Еліміз жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағытын барынша нығайтып жатыр. Былтыр сағатына 7,581 млрд кВт жаңартылатын энергия өндірілді. 2027 жылға қарай 3 100 МВт-тан астам жаңартылатын энергия қуатына қатысты жобалар іске асырылады.
Инфографика • 26 Маусым, 2025
Экологиялық мәдениет – елдік іс
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Ауыл • 25 Маусым, 2025
Ауылды өркендететін ауқымды жоба
Жыл басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырған еді. Сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесі өте өзекті. «Аmanat» партиясының тәжірибесіне сүйене отырып жүзеге асқан ауқымды жоба қазірдің өзінде нәтижесін бере бастады.
Мәселе • 25 Маусым, 2025
Шабындық мәселесі шешімін табады
Кейінгі бірнеше онжылдықта Орталық Азияда орнаған қолайсыз климат пен су тапшылығы топырақ пен су эрозиясын күшейтіп, жайылым әрі шабындық жерлерді тоздырып жіберді. Бұл ретте отандық экологтер мен ғалымдар қол қусырып, қарап отырған жоқ. Таяуда Ақтөбе облысында құнары кеміген 2 500 гектар жерді тыңайту жұмысы басталды. Тың бастаманы Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығы мен БҰҰ жанындағы «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы» жүзеге асырады.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Көпірлердің Бірыңғай платформасы
Елімізде көпірлерді басқарудың бірыңғай жүйесіне пилотсыз ұшу аппараттары, цифрлық көшірмелер мен жедел мониторинг әдістері енгізіліп жатыр. Цифрландыру инфрақұрылым қауіпсіздігін арттырып, оны күтіп ұстауға кететін шығынды азайтады.
Энергетика • 17 Маусым, 2025
АЭС салушылар анықталды: Мемлекет қандай критерийге мән берді?
Елдегі алғашқы атом электр стансасын салу үшін халықаралық консорциум көшбасшысы болып ресейлік «Росатом» корпорациясы танылды. Бұл «Росатом» АЭС құрылысын жеке жүргізеді деген сөз емес. Консорциум шартына сай реакторды бірнеше елдің компаниясы бірлесіп салады.
Қоғам • 12 Маусым, 2025
Президенттік «Алтын сапа» сыйлығы 20 жылдан бері отандық бизнестегі үздіктерді анықтап келе жатыр. Сыйлық 4 аталым бойынша беріліп, өндірістік мақсаттағы ең жақсы кәсіпорын; халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпорын; ең жақсы қызмет көрсетуші; азық-түлік өнімін немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорынды даралайды.
Экономика • 11 Маусым, 2025
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ауылда шешімін күткен мәселе көп екені айтты. Ондағы күрмеулі сұрақтың бірі – азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі күн тәртібінде тұр. Президент ырықтан кеткен азық-түлік қауіпсіздігін қалпына келтіруді Үкіметке жүктеп, «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруды тапсырды. Бағдарлама аясында «Тауарлық несие» атты жаңа жоба өмірге келді. Жоба ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына соны серпін берді. Бүгінде жемісін беріп жатқан жобаны алғаш бастаған өңір – Ақтөбе еді. Сол тұстағы облыс басшысы, қазір жобаның басы-қасында жүрген Премьер-министр кеңесшісі Ералы Тоғжановты сұхбатқа тарттық, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 11 Маусым, 2025
Атом – тұрақты әрі қуатты энергия көзі
Елдегі энергия тапшылығын шешу мақсатында атом электр стансасын салу жұмысы қолға алынды. Мемлекет басшысы бұл мәселеге айрықша маңыз беріп, жақын жылдарда бір емес, үш АЭС салуымыз керек деген іргелі талап қойып отыр. Біле білгенге, қазіргі атом адамға қауіпті емес, керісінше ғылыми негізде өркендеудің басты құралы дейді сала сарапшылары.