Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ
Нұрбай ЖОЛШЫБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
169 материал табылды

Форум • 02 Қараша, 2024

Бизнеспен сындарлы диалог инвестицияның әлеуетін арттырады

Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестиция бойынша VII Қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты (KGIR-2024). Алаңда түрлі саланың басшыларымен бірге 500-ден астам бизнес, сондай-ақ отандық кәсіпкерлік сала өкілдері, инвесторлар жиналды. Пленарлық сессия «Жаһандық инвестициялық үрдістер: болашаққа көзқарас» тақырыбына арналды.

Қоғам • 24 Қазан, 2024

Ұлттық өндіріс заңмен қорғалады

Тамақтану секторындағы салалық бірлестіктердің отандық нарықты импорттық азық-түлік өнімдерінің экспансиясынан қорғау туралы ұсыныстары нақты заңға айналғалы тұр. Мемлекет тарапынан мұндай қорғау, қамқорлықты саладағы отандық кәсіпкерлер асыға күтіп жүр.

Шаруашылық • 22 Қазан, 2024

Диқандар Мемлекет басшысына алғыс айтты

Елдегі 60 мың шаруа қожалығы, Қазақстан фермерлері қауымдастығы, Далалық шаруашылықтар, Егіншілер одағының 15 мың мүшесі, 150 ірі шаруа қожалығы, сондай-ақ Картоп пен көкөніс өсірушілер одағы, Қызылша өсірушілер қауымдастығы Мемлекет басшысына риза көңілін білдіріп, алғысқа толы ниетін жолдады. Олардың қатарында Еңбек Ерлері мен саладағы белді азаматтар бар.

Байқау • 09 Қазан, 2024

Астаналық «Атом данышпаны»

Осы айдың бірінші күні Spectrum халықаралық мектебінде «Атом данышпаны» зияткерлік ойынының қорытындысы бо­йынша елорданың үздік жас физигі анықталды. Оған сала ­мамандары мен тиісті ведомство өкілдері де қатысты.

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Болашақтың энергиясы: АЭС салу іргелі өзгерістерді талап етеді

Адам іс-әрекеті нәтижесінде парниктік газдың шығарылуы климатты нашарлатып, ауаны ластайды. Сондықтан әр ел электр энергиясын өндіру мәселесін қоршаған ортаға зиянсыз технологияға көшіруге тырысады.

Референдум 2024 • 02 Қазан, 2024

АЭС: Мамандар біліктілігі ешкімнен кем емес

Атом энергетикасы саласындағы жетекші сарапшылар, жас ғалымдар мен белсенді жастар бейбіт атомды тиімді қолдану және атом энергетикасын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Пікірталас пен тәжірибе бөлісу ядролық технология саласындағы соңғы жетістіктер мен елдегі атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы екіжақты білім алмасуға айналды.

Несие • 28 Қыркүйек, 2024

Жаңа несие бағдарламасы

Аграрлық саланы қаржыландыру шарасы мен агроөнеркәсіп кешені (АӨК) субъектілерін жеңілдетілген несиемен қамту қолға алынып жатыр. Ол үшін бірқатар нақты жоба жүзеге асырыла бастады.

Энергетика • 25 Қыркүйек, 2024

Талпыныс тәжірибесі

Әлем елдері атом энергетикасына бет бұрып жатыр. Көрші Өзбекстан да бір шешімге келіп, ресейлік технологиямен атом электр стансасын салатын болды. Себебі қажетті энергиясының 80 пайыздан астамын газдан өндіріп отырған көрші ел газ тапшылығына ұрынған соң, ең сенімді әрі қауіпсіз энергия көзі ретінде АЭС-ті таңдады.

Саясат • 18 Қыркүйек, 2024

Дамудың жаңа кезеңіне арналған кездесу

«Қазақстан – Германия» бизнес форумы шеңберінде екі тараптың Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары және ұлттық компаниялар мен ірі биз­нес өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – Германия» дөңгелек үстелі өтті. Оған «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин моде­ра­торлық етті.

Сұхбат • 05 Қыркүйек, 2024

Асуан Сиябеков: АЭС қауіпсіздігіне бүкіл әлем мүдделі

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында энергия тапшылығына кеңінен тоқталып, атом электр стансасының құрылысына қатысты жалпыұлттық референдумды 6 қазанға белгілейтінін мәлімдеді. Осы орайда «Қазақстан атом электр стансалары» ЖШС бас менеджері Асуан Сиябековпен сұхбат құрған едік.