
Көрме • 30 Мамыр, 2023
Суретшінің міндеті біреу ғана – сезімнің тіл жетпейтін құпиясын, әлемнің ішіне жасырған жұмбағын бояу арқылы жеткізу. Туған жерге сүйіспеншілігі, Отанына адалдығы, дәстүрге беріктігі ол жазған шығармадан сезіліп тұрса, өзгеше пафоспен, шынайы романтикамен бейнеленсе, жүрегінің лүпілін жеткізе алғаны. Кәсіби композиция жасаудың хас шебері Зәуре Смағұлованың Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде өтіп жатқан «Азия – алтын бесігім» көрмесіндегі туындылар ұлтын сүйген перзенттің шынайы пейілімен тіл қатады.
Алматы • 21 Мамыр, 2023
Мереке түн ауғанша толастамады
Бір күндік акция Алматыда да сәтті өтті. Музейі көп шаһардың тұрғындары бұл мерекені асыға күтеді. Руханияттың баға жетпес байлығын көздің қарашығындай сақтап, өнер мен мәдениеттің шырақшысы міндетін абыройлы атқарып, кәсіби мерекесін бүкілхалықтық айтулы шараға айналдыра білген музей қызметкерлері бұл күні келгендерге есігін ақысыз айқара ашады.
Пікір • 17 Мамыр, 2023
Басқа жақты білмейміз, Алматыда адам сенбейтін жағдай. Театрға билет табу қиын, спектакльдің бәрі аншлагпен жүреді, зал аузы-мұрнынан шығып отырады. Спектакль болатын күні көрерменнің кассаға келе салып, билетті ала салып, орын тауып отыра салуы арманға айналған. Кейбір спектакльге ай бұрын қамданбасаң, касса біткен жылан жалағандай, билеттер әп-сәтте сатылып кетеді. Бұған ара-тұра шетелден гастрольге келетін әлемдік деңгейдегі театрлардың әйгілі қойылымдарына көрерменнің 50-60 мың теңгеге билет таппай Абай атындағы Опера және балет театрының алдында сеңдей соғылысып жүретінін қосыңыз.
Қоғам • 14 Мамыр, 2023
Ұлт тағдырын суреттеген жазушы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті жазушы-драматург, аудармашы, қоғам қайраткері Рахметолла Райымқұловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Рахметолла Райымқұловтың әдеби мұрасы: көркемдік және ұлттық мінез» атты ғылыми тәжірибелік конференция болып өтті. Мерейтой қарсаңында ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің ұйымдастыруымен ұлттық әдебиеттің беделін көтеріп, жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыру мақсатында жарияланған республикалық әдеби байқаудың қорытындысы мәлім болды.
Қоғам • 06 Мамыр, 2023
Отанды сүю, достықты аялау, махаббатқа адалдықтың асқан үлгілерін дәріптеген майдангер қаламгерлер шығармашылығы арасында Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты партизаны, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің публицистикасы айрықша орын алады.
Әдебиет • 06 Мамыр, 2023
Салалы шығармашылығының арналы арқауын соғыс тақырыбымен байланыстырған ақындардың бірі де бірегейі, жыр тұлпары, ұлттық поэзияның классигі Сырбай Мәуленов болды. Соғысты көріп өскен ұрпақтың шығармашылығының қайнар көзі майдан жылдарының азабы мен қасіреті болса керек. Бар болғаны 18 жасында Отанын қорғауға аттанған Сырбай ақынның майдан тақырыбына жалынды жыр арнауы заңдылық.
Тарих • 06 Мамыр, 2023
Бейбіт өмір бесігінде тербеліп өскен ұрпаққа соғыс деген жат ұғым. Ойша елестететін соғыстың жантүршігерлік шындығын, тыныш өмірдің қадір-қасиетін от пен оқтың ортасынан аман келгендердің шығармасы бәрінен гөрі тереңірек сезіндіреді. Қауызы ашылмай жатып әскерге шақырылған балалар қатарында иығына мылтық асынып, қан майданның ортасынан табылғандардың ішінен елге белгілі ақын-жазушылардың үлкен шоғыры шықты. Соғыстың нағыз шындығы – солардың шығармасында. Ол шығармалар ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тұтас бірнеше буынды тәрбиеледі.
Тұлға • 04 Мамыр, 2023
Толқынға қарсы жүзген Долкунтай
Елімізді мекендеген барлық этностар сияқты Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени бірлестігі де мемлекетіміздің экономикалық, мәдени дамуына, этносаралық келісімді нығайтуға өз үлесін қосып келеді.
Сұхбат • 03 Мамыр, 2023
Театр мен кино өнерінде есімі құрметпен аталатын актер әрі режиссер Мұрат Ахманов өнерге ерте келді. Түр-тұрпатының өзі сахнаға сұранып тұрған немересін атасы жетектеп әкеліп Алматы хореографиялық училищесінің директоры, әйгілі биші Шара Жиенқұлованың қолына тапсырғанда ол он екі жаста болатын. Режиссер дүниеге келген Алматы облысы Кеген ауылы Ұзынбұлақ ауылына «Атаманның ақыры» фильмін түсіруге барған Шәкен Айманов таңсық өнердің ізіне түскен биші баланы көріп, батасын беріп, қолындағы қамшысын сыйға тартқан. Содан бері қызығы мен қиындығы қатар жүретін өнер саласына өмірін арнағалы да тұп-тура жарты ғасыр болыпты.
Пікір • 25 Сәуір, 2023
Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі
Біреуге еліктеп, пір тұтпаса жүре алмайтын жасөспірім шақтың әлегінде әйгілі Лев Толстой әлдебір кітапты оқып алып әсерленгені сонша, түріне сән беріп тұрған қияқтай қасын шығармадағы бас кейіпкер секілді шырпы жағып, өртеп жіберіпті.