
Тарих • 06 Мамыр, 2023
Бейбіт өмір бесігінде тербеліп өскен ұрпаққа соғыс деген жат ұғым. Ойша елестететін соғыстың жантүршігерлік шындығын, тыныш өмірдің қадір-қасиетін от пен оқтың ортасынан аман келгендердің шығармасы бәрінен гөрі тереңірек сезіндіреді. Қауызы ашылмай жатып әскерге шақырылған балалар қатарында иығына мылтық асынып, қан майданның ортасынан табылғандардың ішінен елге белгілі ақын-жазушылардың үлкен шоғыры шықты. Соғыстың нағыз шындығы – солардың шығармасында. Ол шығармалар ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тұтас бірнеше буынды тәрбиеледі.
Тұлға • 04 Мамыр, 2023
Толқынға қарсы жүзген Долкунтай
Елімізді мекендеген барлық этностар сияқты Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени бірлестігі де мемлекетіміздің экономикалық, мәдени дамуына, этносаралық келісімді нығайтуға өз үлесін қосып келеді.
Сұхбат • 03 Мамыр, 2023
Театр мен кино өнерінде есімі құрметпен аталатын актер әрі режиссер Мұрат Ахманов өнерге ерте келді. Түр-тұрпатының өзі сахнаға сұранып тұрған немересін атасы жетектеп әкеліп Алматы хореографиялық училищесінің директоры, әйгілі биші Шара Жиенқұлованың қолына тапсырғанда ол он екі жаста болатын. Режиссер дүниеге келген Алматы облысы Кеген ауылы Ұзынбұлақ ауылына «Атаманның ақыры» фильмін түсіруге барған Шәкен Айманов таңсық өнердің ізіне түскен биші баланы көріп, батасын беріп, қолындағы қамшысын сыйға тартқан. Содан бері қызығы мен қиындығы қатар жүретін өнер саласына өмірін арнағалы да тұп-тура жарты ғасыр болыпты.
Пікір • 25 Сәуір, 2023
Қамысты бос ұстасаң, қолыңды кеседі
Біреуге еліктеп, пір тұтпаса жүре алмайтын жасөспірім шақтың әлегінде әйгілі Лев Толстой әлдебір кітапты оқып алып әсерленгені сонша, түріне сән беріп тұрған қияқтай қасын шығармадағы бас кейіпкер секілді шырпы жағып, өртеп жіберіпті.
Театр • 25 Сәуір, 2023
Мағжан мен Зылиха махаббаты – корей сахнасында
Алашқа адал қызмет еткен арда арыстардың алыста қалған қасіретті тағдырын сахна тілінде суреттеу қадамының қайсысы да көрермен тарапынан ықылассыз қалған емес. Поэзиясында махаббатқа айрықша орын беріп, сезім мен сүйіспеншілікті тамылжыта жырлаудан талмай кеткен Мағжан Жұмабаев пен жан жары Зылиханың махаббатын баяндаған Алматыдағы Мемлекеттік Корей музыкалық драма театрының «Әйел махаббаты» спектаклі жиналған көпұлтты көрерменнің көңілін бір-ақ сәтте баурап алды. «Көзбен көріп, ішпен білетін» махаббаттың тілін түсіну үшін тәржіманың керегі де жоқ. Бастысы, әйелдің мөлдіреген таза сезімі бар, маздаған от, жарға деген адалдық бар.
Театр • 19 Сәуір, 2023
Адамзат ізгілікке ұмтылмаса, ақырзаман басталады
Әйгілі Шыңғыс Айтматовтың «Кассандра таңбасы» романы өз уақытында әдебиетке дүбірлеп келгені, жаңа шығарманың жарыққа шыға сала «Жан пида», «Ғасырдан да ұзақ түн» шығармаларымен қатар атала бастағаны есімізде. Әлемнің өресі биік оқырманы адамзат алдында тұрған экология және рухани апатқа қарсы азаматтық-жазушылық парызбен үн қосқан өзгеше интеллектуалдық-философиялық шығарма екенін танып, өзектілігіне мән берсе, енді бірі діни-мифологиялық маңызына соққы беріп, фантастикалық-мистикалық сарыны төңірегіндегі сыни пікірін жарыса жариялап жатты. Бұл шығармашылығын жеңіл дүниемен шиырламайтын кемел Ш.Айтматовтың «ұлттық» деген деңгейден биіктеп, әлемдік ізгілікті, жалпыадамзаттық құндылықты қаузап жүрген толысқан шағы-тын.
Көрме • 17 Сәуір, 2023
«Періште ізі» – шебер мен шәкірт тартуы
Ата-бабадан мұра болып келген төрт түліктің падишасы жылқы жануарының Ә.Қастеев атындағы өнер музейінің кең залына үйір-үйірімен жосыла келген сәтін алматылықтар алғаш рет көрді. «Ішсе – сусын, жесе – азық, мінсе – көлік» Қамбар ата түлігі қылқалам шеберлерінің суреттеуінде әр қырынан ашылып, бір тақырыпты жырлаудың мұншама мол бай үлгісіне еріксіз тәнті болды. Жағалата ілінген картиналардағы мөлдіреген жылқының жанарына қараған адамның бойына қанат бітіп, жүрегінде рух оянды. Бауыр еті баласына «құлыным» деп еміренген қазақ пен жылқының ортақ қасиетін, жақындығын сезіндірген көрме «Izder Iv/Періште ізі» деп аталады.
Өнер • 12 Сәуір, 2023
А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі хореографиялық оқу орындары арасындағы VIII «Өрлеу» халықаралық байқауын өткізді. Бұл халықаралық байқау әлемнің жетекші балет мектептері арасындағы халықаралық байланысты дамытып, нығайту мақсатында 2008 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Сұхбат • 05 Сәуір, 2023
Есетжан ҚОСЫБАЕВ: Бізге Кинематография комитеті керек
Наурыз айының басында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұлттық фильмдер деп танылуға үмітті киножобаларды іріктеу үшін кезекті, атап айтқанда бесінші рет өтінімдер қабылдауды жариялады. Орталық жұмысындағы жаңалықтарды бөліскен «ҰКҚМО» КеАҚ басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаевпен жүргізілген әңгімеде талқыланатын мәселелер ауқымы әлдеқайда кең екені аңғарылды.
Театр • 31 Наурыз, 2023
Республикалық шеңберден шығып, халықаралық деңгейді қамтып, театр өнері мен сахнадағы жетістікті баяндап, бақ сынайтын ауқымды фестивальдердің аламаны алдымен өз шағын алаңын бағындырудан басталып жатады. Бұл бәйгенің бәрі өз өнерін өзгемен салыстырып, жаңашылдыққа ұмтылып, тәжірибе алмасып, біртұтас өнер кеңістігін жасау үшін маңызды да. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры биылғы маусым кезеңін биік жетістіктермен түйіндегенін 5-рет өткізіліп отырған «Алтын сақа» театрішілік фестивалімен көрсетті. Алғаш 2016 жылы «Алтын сақа» балалар спектакльдерінің бәйгесі болып бастау алып, жаңа қойылымдардың театрішілік фестивалі деп жалғасын тапқан бұл фестиваль төрт жыл қатарынан өткен соң әлемдік пандемия салдарынан тоқтап қалып, араға үш жыл салып, биыл театрмен қайта қауышты. Театрдың 70-ке тарта әртісі арасында бір жыл аясында сахналанған спектакльдегі рөлдер бойынша жүлделер сарапқа салынып, түрлі арнайы аталымдар бойынша жүйріктер анықталып, ақшалай және арнайы дипломдармен марапаттайтын үміт пен шабыт сыйлайтын шығармашылық дәстүр бұл.