Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
422 материал табылды

Аймақтар • 11 Қазан, 2019

Қоныстанудың 80 жылдығына қойылым арнады

Қыркүйектің соңында Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының Қарағанды қаласындағы гастрольдік сапары табысты тәмамдалып, театрдың көркемдік кеңесі жылы әсерімен бөлісті.

Руханият • 10 Қазан, 2019

«Үш арыстың» шығармалары – қылқалам шеберінің көзімен

Қазақстанның барлық аймағында республикалық деңгейде аталып өтіп жатқан Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына байланысты толассыз өтіп жатқан шаралар шеруі Алматының Ұлттық кітапханасында ұйымдастырылған айырықша кітаптың тұсаукесерімен толықтырылды. Бір жылы дүниеге келіп, бір жылда репрессия құрбаны болса да, қазақ әдебиетіне теңдессіз үлес қосып кеткен үш бәйтеректі еске алып, тағзым парызын орындауда Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы ерекше тарту жасады. «Үш арыс» атты кітаптың тұсаукесеріне халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, ақынның ұлы Саят Жансүгіров және оның өзге де ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері қатысты. Кешті халықаралық ұйымның Алматыдағы өкілі Асқар Тұрғанбаев жүргізді.

Руханият • 07 Қазан, 2019

Алматы Шерхан Мұртазаны еске алды

Алматыда халық жазушысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Отан» орденінің иегері Шерхан Мұртазаның дүниеден өткеніне жыл толуына байланысты бірқатар шаралар шеруі ұйымдастырылды.

Қазақстан • 04 Қазан, 2019

Қали Сәрсенбай Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының И.А.Бунин атындағы Күміс медаліне ие болды

Белгілі журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Президенті сыйлығының лауреаты, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының И.А.Бунин атындағы Күміс медаліне ие болды.

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Ұлттық терминология мәселесі талқыланды

Алматыда Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Терминдерді іріктеудің критерийлері мен принциптері» атты республикалық әдістемелік семинар болып өтті.  

Әдебиет • 01 Қазан, 2019

Көркем аударма жайы алаңдатады

Алматыда бүгінгі әдеби үрдістер мен көркем аударма мәселесін талқылаған ПЕН клуб жазушыларының екінші халықаралық форумы аяқталды. Қазақ ПЕН клубы ұйымдастырған әдебиет үшін маңызы зор әлемдік шараға 18 мемлекеттен 81 делегат келді.

Руханият • 30 Қыркүйек, 2019

Алматыда әнші Жәнібек Кәрменовті еске алу кеші өтті

Алматыда Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, әнші Жәнібек Кәрменовтің 70 жылдығына арналған «Үнің кетпес құлақтан...» атты әдеби сазды-шығармашылық кеш өтті.

Руханият • 26 Қыркүйек, 2019

Танымдық бағдарлама тағылымы

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру аясында биылғы жылдың тамыз айынан басталған «Музей түні» шеруі рес­публика бойынша қанат жайып келеді.

Әдебиет • 25 Қыркүйек, 2019

Көркем аударманың жайы алаңдатады

25-27 қыркүйек аралығында өтетін ПЕН клуб жазушыларының екінші халықаралық форумы Алматыда өз жұмысын бастады. Қазақ ПЕН клубы ұйымдастырып отырған әдебиет үшін маңызы зор әлемдік шараға 18 мемлекеттен 81 делегат келді. Форум қонақтары ретінде АҚШ, Германия, Түркия, Ресей, Англия, Моңғолия, Марокко, Литва, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және тағы басқа елдердің қаламгерлері, аудармашылары, сыншылары мен публицистері шақырылды. Осылайша Алматы тағы да әдебиет туралы маңызды әңгіменің орталық-өзегіне айналды.