Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
100 материал табылды

Өнер • 01 Ақпан, 2025

Алматыда «Birlik» ансамблі өнер көрсетті

«Almaty Theatre» сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Birlik» ансамблінің концерті өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған Гала-концерт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын мерекелеу аясын­дағы 2025 жылдың басты оқиғаларының бірі.

Сұхбат • 31 Қаңтар, 2025

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Жүрегімнің үні – сыршылдық пен шыншылдық

– Ақұштап апай, туған өлке Оралдан жастық шақтан бауыр басқан, ақын болып танылған Алматыға көшіп келіпсіз. Құтты болсын! Ұлттың рухани дүниесі, Қадыр ағаның ғұмыр бойы үкілеп ұстаған, классик ақын сүйіп оқыған керемет кітапханасы «Қадыр орталығына» айналды. Сіздің де жиып-терген кітапханаңыз осал бола қоймас. Оны не істедіңіз? Көшіріп әкелдіңіз бе, әлде елде қалдырдыңыз ба?

Көрме • 22 Қаңтар, 2025

Қас-қағым сәт мәңгілікпен ұштасқанда...

Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер му­зейінің Орталық көр­ме залында Суретшілер ода­ғы­ның мүшесі, Ал­ма­ты об­лысының үздік су­рет­шісі атанған Ма­рат Тотеевтің «Бір сәттің мәңгілік бей­несі» атты жеке шығар­машылық көрмесі ашылды. Экс­по­зицияда сурет­ші­нің пор­трет және та­биғат жанрындағы 150-ге жуық туындысы ұсы­ныл­ды.

Басылым • 27 Желтоқсан, 2024

«Алашорда ісі» ғылыми айналымға енеді

Отандық тарихтың олқы тұсын түгендеп, рухани болмыс­ты бүтіндеу жолында қолға алынған іргелі ғылыми жоба – «Алашорда ісі. 1920–1940 жж. Құжаттар мен материалдар» атты 12 томнан тұратын тарихи-құжаттық жинақ екі жылға жуық әзірленіп, күні кеше жарық көрді. Жинаққа Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Бас про­кура­тураның арнайы мемлекеттік архивтерінде құпия сақталып келген ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргінге қатысты құжаттар енгізілді. Олардың қатарында бұрын жарияланбаған 3 мыңнан аса құжат және фотосурет бар. Жинақ Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жалпы редакциясымен жарияланды.

Театр • 24 Желтоқсан, 2024

Театр тынысы: кәсіби сыншылар бағасы

«Қазақстан театр сыншылары» бірлестігі биыл алтыншы рет «Сыншылар жүлдесі» марапаттау кешін ұйымдастырды. Алғашқы жылы сахна шығар­машы­лығына сараптама жүргізген сыншылар бес аталым аясында ғана үздіктерді анықтаса, марапат саны биыл мейлінше еселене түскен. Үздіктерді іріктейтін мерей­лі дода шығармашылық өкілдерінің шабысына қанат бітіріп, шабытына дем беріп, жаңа белестерді бағын­дыруға мүмкіндік сыйлайтын мақсаты мен маңызын жыл сайын арттырып келеді. Дегенмен Қазақстандағы 70-тен аса театрдың 53-інің 2024 жылы атқарған жұмысын қорытындылап, өз тарапынан кәсіби бағасын берген сыншылардың да сахна шығармашылығы төңірегіндегі үрдіс пен үдерістер туралы, табысталған жүлдеге бай­ланысты туындап қалған кейбір сыни ой-пікір мен өкпе-назға орай айтатын өз уәж-пайымы бар. «Театр сыншылары бірлестігінің» төрағасы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия­сы­ның профессоры, өнертану кандидаты Анар ЕРКЕБАЙ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия­сының профессоры, өнертану докторы Бақыт НҰРПЕЙІС, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты Аманкелді МҰҚАН, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану кандидаты Меруерт ЖАҚСЫЛЫҚОВА, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академия­сының оқытушылары, өнертану магистрлері, Жансая ТҰРМАҒАНБЕТ пен Бейбіт ӘЛКЕЕВА басылым ұйым­дастырған дөңгелек үстелде жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесін талдап, жүлденің бүгіні мен болашағына алаңдаушылығын білдірді.

Кино • 19 Желтоқсан, 2024

«Бастау» – қанатқақты жобалар қолдаушысы

Алматыда дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан ХІІ халықаралық «Бастау» студенттер мен дебюттік фильмдердің кинофестивалі мәресіне жетті. Кинофестивальға қатысуға ниет білдірген жақын шетелдерден бөлек, Түркия, Иран, Гонконг, Италия, Сербия, Нидерланды, Мексика, Польша секілді әлемнің әр түкпіріндегі елдерден жалпы саны 500 өтінім келіп түскен. «Bastau Shorts» конкурстық бағдарламасы аясында көркем, деректі және анимациялық қысқаметрлі дебюттік фильмдер сарапқа салынып, олардың ішінен 28 елдің 43 картинасы іріктеліп алынды.

Тағзым • 29 Қазан, 2024

Көркемсөздің көрнекті өкілі

Елдің «Әбесі» атанған дарабоз тұлға, Алаштың асыл перзенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Шолохов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар легі Ұлттық кітапханада өткен халықаралық конференция­дан басталды.

Сұхбат • 06 Қыркүйек, 2024

Жастарды адалдыққа тәрбиелейтін бағдарлама

Қазіргі таңда жұмыс берушілер әмбебап әрі кәсіби қызметкер іздейді. Еңбек нарығындағы талапқа сай болу үшін жастардың білімі мен біліктілігінің қатар дамуына мән беру керек. «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасына толық сай болу үшін «Жарқын Болашақ» бағдарламасы жастарды жан-жақты дамытып келеді. Осы жөнінде «Bilim Foundation» қорының жетекшісі Ерлан Аманжолұлымен сұхбаттасқан едік.

ЖОЛДАУ • 06 Қыркүйек, 2024

Қоғам жақсылықтан үмітті

Әлем күн сайын қарқынды дамып, бүгін жасалған ірі өзгерістің ертең терістеліп, жаңалыққа ілесіп, тұрақтылық қалыбын сақтауы қиынға соғып келеді. Бұл саясат пен экономикаға қатысты емес, жалпы жаһан тыныстап отырған маңызды саланың бәрі де даму жүйесіндегі қарқынға ілесіп, ілкімді іс атқарудан сырт қалғысы жоқ. Қазақстан әлемдік даму жүйесінің бір бөлшегі болғандықтан, жаһандық ағыстың жалына жармасып, өркениетке ілесуді асыл мұраты тұтады. Бұл даму мұратын Мемлекет басшысы жыл сайын жасайтын Жолдауында жан-жақты саралап, дұрыс бағыт белгілеп келеді. Жазушылар одағы хатшылығы толық құрамда бас қосып, ұйымдастырған кеңейтілген мәжілісінде Жолдаудың ең алдымен осы ерекшелігіне тоқталды.

Руханият • 28 Тамыз, 2024

Құр дәстүрін қастерлеген

Қазақтың дәстүрлі музыкалық өнерін табиғатына қарай Арқа, Жетісу, Сыр өңірі, Батыс Қазақстан ән мектебі деп жіліктейтін ғылыми негіздеменің сүбелі бір арнасы Бесқала жыр дәстүріне тиесілі. Қазақ халқы ертеден мекен еткен Әмудария бойында қаймағы бұзылмай сақталған құнары мол жыр мектебінің дәстүрін дәріптеген көрнекті өкілдері де бір шоғыр. Жыршы-жыраулық дәстүрді Бесқала музыка мәдениетінің темірқазығына айналдырған сол тұлғалардың мыңжылдық мақамы мен сазының арқау жібін үзіп алмай бүгінге жалғаған шәкірттері де аз емес. Бесқала жыр мектебінің ірі өкілі саналатын Наурызбек Раманқұловтың есімін ерекше қастерлеп, бала күнінен еліктеп, сол мақаммен жыр айтып өскен талантты шәкірттің бірі – Аманжол Есмырза.