Аймақтар • 06 Қаңтар, 2026
Қонаевта сүт-тауарлы ферма салынады
Шеңгелді ауылдық округінің аумағында 1200 басқа арналған сүт-тауарлы фермасы бой көтереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қаңтар, 2026
Алматы облысында NEET санатындағы жастар саны азайған
Алматы облысында 2025 жылы жастарды қолдауға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып, нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Жыл қорытындысы бойынша өңірде жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, білім беру, волонтерлікті қолдау және инфрақұрылымды жетілдіру бағыттарында ауқымды жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 29 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында жаңа клиника жұмысын бастады
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 324 маман қамтылған және заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған жаңа емхана бой көтерді. Нысанның ашылу салтанатына басқарма басшылары, жергілікті атқарушы органдар және медицина саласының ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2025
Қонаевта «Хан Тәңірі», «Самғау», «Заңғар» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды
Қонаев қаласының мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға жыл бойы табанды еңбек еткен, толағай табысқа жеткен үздік спортшылар, қаламы жүрдек журналистер және өз саласының көшбасшысы атанған жалынды жастар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2025
Биыл Қонаев спортшылары түрлі жарыстардан 111 алтын иеленді
Қонаев қаласында үздік спортшыларды марапаттау үшін арнайы салтанатты кеш ұйымдастырылып, онда түрлі белестерді бағындырып, тұғырдан көрінген спортшыларды қала әкімі Асхат Бердіханов марапаттап, ақшалай сыйлықтар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 24 Желтоқсан, 2025
Тасашылықтардың қуанышын тасытты
Биыл Кеген ауданында бірқатар жаңа нысандар ашылып, ел игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.
Отбасы • 21 Желтоқсан, 2025
Отбасы институты мен рухани құндылықтар талқыланды
Алматы облысында қоғамның рухани дамуы, отбасы институтын нығайту және ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне арналған «Ислам және отбасы құндылықтары» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2025
Қонаевта басты шыршаның шамдары салтанатты түрде жағылды
Қонаев қаласында тұрғындар мен қонақтарға ерекше жаңа жылдық көңіл-күй сыйлаған дәстүрлі мерекелік шара өтті. Қысқы кештің шырайын келтірген салтанатты басқосуға биыл 15 мыңнан астам адам жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2025
Түзету мекемесінде өндірістер іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды
Алматы облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты №10 мекемеде екі жаңа өндірістік нысан — «INFINITEL» және «БроМарт» кәсіпорындары іске қосылды. Нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орны ашылып, жазасын өтеушілерді тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың кезекті кезеңі жүзеге асты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025
Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті
Қарасай ауданындағы «Gulnar Baq» демалыс орталығында маусымның ең тартысты әрі әсерлі жарыстарының бірі – «Алматы облысының əкімі Кубогына арналған ересектер арасындағы командалық көкпар облыстық лигасының финалдық кезеңі» өтті. Шығыс және Батыс өңірлерінің ең мықты командалары жарыстың басты трофейі үшін шешуші кездесу барысында бақ сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.