Ұлбосын ИСАБЕК
Ұлбосын ИСАБЕК«Egemen Qazaqstan»
359 материал табылды

Өндіріс • 18 Желтоқсан, 2024

Шам жасаудағы шеберлік

Күнделікті тұрмыс-тіршілікте алуан түрлі қолданысқа пайдаланылатын заманауи үлгідегі электр шамдары Жамбыл ауданы Қасымбек ауылындағы «Kaz Tek Invest» зауытында өндіріледі. Отандық кәсіпорында жарық диод­ты шамдардың 100-ден астам түрі шығарылады. Оның ішінде кеңсеге, көшеге, тұрмысқа және өнеркәсіп орындарына арналған әртүрлі пішіндегі шамдар бар.

Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2024

Ақтеректегі қос қуаныш

Ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына тілекші әрі қамқоршы азаматтардың баталы бастамалары кең етек алып, өзгелерге үлгі болса құба-құп. Тәуелсіздік күні қар­­саңында «Amanat» партиясының мүшесі Жамбыл ауда­нындағы 5 отбасына баспана кілтін табыс етіп, жүрек­жарды қуанышқа кенелтті.

Ұлттық спорт • 12 Желтоқсан, 2024

Айтулы аламан

Тәуелсіздік күніне орай Қарасай ауданының «Gúlnar Baq» демалыс базасындағы ипподромда ұлттық ат спорты түрлерінен жастар арасындағы облыс біріншілігі аяқталды.

Театр • 10 Желтоқсан, 2024

Өнер тарландары – халық театрында

Аспантау аясындағы аудандық мәдениет үйінде «Кеген» халық театрының әртістері драматург Бексұлтан Жәкеевтің «Тағдыр» атты драмасын сахналады. Қоғам­­да­ғы адами құндылықтардың құлдырап кеткендігін бей­не­­лей­­тін спектакльдің режиссерлері Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткерлері Омар Қиқым мен Бекжан Тұрыс екен­дігін ­ес­ті­ген ел қойылымды тамашалауға тайлы-тұяғымен жиы­лып, ине шаншар орын болмауы – ауыл театрына соны сер­пін берді.

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2024

Егіздер 200-ден асты

Осы жылдың 11 айында Алматы облысында 23 мыңға жуық бала өмірге келген. Олардың 204-і егіздер болса, 1 үшем бар. Соның ішінде облыс орталығы Қонаев қаласында 1000-нан астам нәресте дүние есігін ашқан.

Тағзым • 05 Желтоқсан, 2024

Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіш-бюсті

«Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы – осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекетімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз», деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің туғанына 80 жыл толуына орай туған жерінде тұғырлы ескерткіш орнатуды, Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашуды тапсырған еді.

Шахмат • 05 Желтоқсан, 2024

Шеберлер бақ сынасты

Еңбекшіқазақ ауданында жылдам шахматтан Алматы облысы кубогінің финалдық кезеңі өтті. Жарысқа облыстың барлық аудандары, Қонаев, Алатау қалаларының ойыншылары қатысты. Шахматшылар 6 мен 70 жас аралығындағы 8 жас санаты бойынша бәсекеге түсті. Өткен жылғы кубок жеңімпаздары да жарыстан тыс қалмады.

Шаруашылық • 04 Желтоқсан, 2024

Қойманы толтыратын көрсеткіш

Алматы облысының ауыл шаруашылығы секторы биыл айтар­лықтай жетістікке жетті. Облыста биыл ауыл шаруа­шылығы дақылдарының жалпы алаңы 420 мың гектарды құрады, оның ішінде бүгінге дейін 405,6 мың гектар егін жиналды. Бұл – жалпы жоспардың 96 пайызы. Жиналған өнім ішінде картоп, көкөніс, дәнді және майлы дақылдар айтарлықтай көп.

«Таза Қазақстан» • 04 Желтоқсан, 2024

Арнаға ағаш отырғызды

Өткен аптада Жам­был ауда­нының Ұзын­ағаш ауылында «Таза Қа­зақстан» респуб­ли­калық акция­сы аясында сенбілік ұйым­дас­ты­рылды. Маңызы зор іс-ша­раға мемлекеттік қыз­­­­мет­керлер мен ауыл тұр­­­ғындары, белсенді жас­тар атсалысты.

Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2024

Қуанышы тасыған Қарқара

Тарихы терең қасиетті Қарқара ауылында қосқабатты мәдениет үйі пайдалануға беріліп, ел қуанышы еселенді. Ауылдың орталық көшесінің бо­йынан ойып орын алған ғимараттың сырт келбеті көз тоярлық. Ал табалдырығын аттап ішке кірген адамның рухы асқақтап, жан дүниесіне мәдениеттің сәулесі себезгілейді.