Алматы • Бүгін, 15:18

Алматы облысында мектеп оқушылары жасөспірім қызға зәбір көрсеткен

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы, Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында жасөспірім қыз зорланған. Күдікке орта мектеп оқушылары ілігіп отыр. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында мектеп оқушылары жасөспірім қызға зәбір көрсеткен

Жамбыл ауданының білім бөлімі хабарлағандай, мектеп директоры 13-қазанда 2025 жылдың 21 қыркүйегі, жексенбі күні, сабақтан тыс уақытта, мектеп аумағынан тыс, жеке үйде кәмелетке толмағандардың қатысуымен оқиға орын алғаны туралы хабар алысымен, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғап, қазіргі таңда барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқушылармен жеке профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жасалды. Сонымен қатар облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары зардап шеккен оқушыға қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

«Мектеп директоры заңға сәйкес әрекет етіп, оқиға туралы дер кезінде полицияға хабарлаған. Қазір тергеу органдары істі қарастыруда, барлық мәліметтер тиісті тәртіппен анықталады. Осы ретте, қоғам өкілдерінен расталмаған ақпарат таратпауға және балаларға қатысты мәселелерде жауапкершілік танытуға шақырамыз. Ең бастысы – баланың тағдыры мен психологиялық жағдайы»,  деді Жамбыл ауданы білім бөлімінің басшысы Светлана Алтынбекова.

Алматы облысы