
Қоғам • 13 Қараша, 2024
Кәсіпкер қолдаудан шет қалмайды
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев кәсіпкерлермен кездесіп, шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған бағдарламалар төңірегінде пікірлесті.
Ұлттық спорт • 13 Қараша, 2024
Қыран құс не алмайды, салса баптап
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Төле би аулындағы «Қыран» дәстүрлі аңшылық орталығында «Сонар-2024» халықаралық құсбегілер турнирі ұйымдастырылды. Турнирдің негізгі мақсаты – құсбегілік өнерін дәріптеу, шетелдік қатысушылар арасында тәжірибе алмасу.
Аймақтар • 09 Қараша, 2024
Есік қаласының шетіндегі саяжай балалары енді алыстағы мектептерге тасымалданып, әуре-сарсаңға түспейді. Күні кеше Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрікті аулынан жалпы аумағы 2 гектар жерге орналасқан үш қабатты, типтік жобалық қуаттылығы 1500 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілді. Бұл биылғы оқу жылында инвесторлар тарапынан салынған облыстағы үшінші мектеп екенін еске салу артық етпес. Осы күні облыста 447 мектеп жұмыс істеп, онда 340 мыңнан астам оқушы білім алып отыр.
Аймақтар • 08 Қараша, 2024
Еріктілер сексеуіл тұқымын жинады
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысында тұқым жинау апталығы өткізілді.
Өндіріс • 07 Қараша, 2024
Вольфрамды қайта өңдейтін алғашқы зауыт іске қосылды
Қарашаның басында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы Сөгеті ауылдық округі аумағында вольфрамды қайта өңдейтін еліміздегі алғашқы зауыт іске қосылды. Зауыттың іске қосылуы – тау-кен өндірісінің дамуы жолындағы үлкен қадам әрі еліміздің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы айрықша бастама. Тарихи оқиға еліміздің әлемдік сирек металдар нарығындағы орнын нығайтумен қатар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен өңдеуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.
Қоғам • 02 Қараша, 2024
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-сі мүгедектігі бар балаларды оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Ақ жол-М» үкіметтік емес ұйымы арқылы тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, психоневрологиялық патологиясы бар 70 балаға жеке оңалту бағдарламасына сәйкес күндізгі күтім жасайды.
Ауыл • 01 Қараша, 2024
Райымбек ауданындағы Көмірші аулында бүгінгі таңда 600 адам тіршілік етеді. Олардың 128-і мектеп оқушысы болса, 65-і зейнет жасындағы қарт кісі. Осы бір алақандай ғана ауылда биылғы жылы тың бастамалар мен жаңа жобалар жүзеге асып, мұндағы халықтың көңіл күйіне соны серпін берді. Соның бірі – жақында ашылған медициналық пункт.
Аймақтар • 30 Қазан, 2024
Табиғаты көркем Тұйық ауылын мыңнан астам халық мекендейді. Қыс айларында қар ерекше қалың түсетін таулы өңірдің негізгі тыныс-тіршілігі – ауыл шаруашылығы. Жергілікті халық көлемі 6 мың гектарға жуықтайтын жерде мал бағып, шөп шауып, картоп егіп, кейінгі жылдары қозықұйрықты да табыс көзіне айналдырған.
Аймақтар • 29 Қазан, 2024
Аспантаудың етегіндегі Жамбыл ауылында жаңа мәдениет үйі есігін айқара ашты. Жалпы ауданы 657 шаршы метрлік мәдениет ошағының құрылысына 392 млн теңге қаржы жұмсалды.
Аймақтар • 29 Қазан, 2024
Алматы облысында бірқатар маңызды іс-шара жүзеге асты. Атап айтсақ, облыста 7 әлеуметтік маңызы бар жаңа нысан – спорт кешендері мен медициналық пунктер ашылып, жылу қазандықтары іске қосылды. Бұл өңірдің өткен жылғы жетістіктерінің жалғасы екені мерейлі мереке – Республика күні қарсаңында Қонаев қаласында өткен салтанатты жиында айрықша аталды. Оған елдің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен құрметті азаматтар қатысты.