Инфрақұрылым • Кеше

Қонаевта 2,2 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Гүлмира Өтегенова Қонаев қаласында орналасқан «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС нысандарына баспасөз турын өткізді. Іс-шараға журналистер, депутаттар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Қонаевта 2,2 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылды

Компания директоры Батурин Абдримов жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндап, 2021–2025 жылдарға арналған жалпы сомасы 173,2 млн теңге инвестициялық бағдарлама бекітілгенін айтты. Оның ішінде 2024 жылға 39,4 млн теңге қарастырылған.

Бағдарлама аясында Қонаев қаласының 1-шағынауданында ұзындығы 2,5 шақырым төмен қысымды газ тарату желісінің құрылысы толық аяқталды. Нысан пайдалануға беріліп, 2 271 тұтынушы көгілдір газға қол жеткізді. Оның ішінде 1 680 абонент бүгінде қосылып үлгерді.

Биылғы жылы құны 38,1 млн теңгені құрайтын жұмыстар жалғасуда. Қазір қаланың №18 шағынауданда ұзындығы 2,2 шақырым болатын газ желілерінің құрылысы басталған. Жоба толық аяқталғаннан кейін тағы 2 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қосылатын болады.

Құрылыс жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Алматы облысы.