Төтенше жағдай • Кеше

Жарылыстан үш адам мерт болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11 қыркүйек күні Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылы маңындағы металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, үш адам мерт болды, деп жазады Egemen.kz.

Жарылыстан үш адам мерт болды

Оқиға орнына жергілікті полиция өкілдері, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі дереу жеткен.

Алматы облыстық полиция департаменті оқиға орнынан үш адамның өлі табылғанын, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі  тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.

«Бүгін Іле ауданы, Байсерке ауылы, металл қабылдау пунктінде белгісіз типтегі заттың жарылысы болды. Өрт шықпады және объектіге зиян келмеді. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу жіберілді. Үш адамның қайтыс болғаны анықталды. Оқиғаның салдарын жоюға және мән-жайын анықтауға  ТЖД, полиция және медициналық қызметтің күштері мен құралдары жұмылдырылды», – деп хабарлады ТЖД.

Алматы облысы.