
Саясат • 22 Қараша, 2023
Астанада «Qazaqstan: орнықты даму жолында» атты сараптамалық материалдар жинағы көпшілікке таныстырылды. Оған еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша жазылған еңбектер жарияланған. Аталған жинақты Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының мүшелері «Талдау мектебінің» түлектерімен бірлесіп әзірледі.
Пікір • 19 Қараша, 2023
Әр қазақтың кішкентайынан бір көрінбейтін бәсекелесі бар. Ол – «жұрттың баласы». Балдырғанның намысын қамшылау үшін сол бақталасының атын айтсаң жеткілікті. Осы бала күнгі әдетпен күнделікті өмірде де өзімізді сынау үшін өзгенің жетістігін мысалға келтіріп жататынымыз рас. Мәселен, тіл мәселесі қозғала қалса, көбіне-көп «жұрттың баласының» рөлін еврейлер сомдайды. Атам заманында өліп қалған тілдерін атом заманында қайтадан тірілтіп алған деп жер-көкке сыйғызбай мақтап жүреміз.
Сенат • 17 Қараша, 2023
Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері қаралды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, сенаторлар ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда қарады. Сондай-ақ маңызды мәселелерге қатысты депутаттық сауалдарын жолдады.
Үкімет • 13 Қараша, 2023
Шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігі
Сенатта Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті.
Қазақстан • 12 Қараша, 2023
Селим Хазбиевич: Қазақстан – болашақтың елі
Бүгінгі сұхбаттасымыз – 2017 жылдан бері Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі белгілі поляк ақыны, профессор Селим Хазбиевич. Бұл кісінің ұлты – татар, нақтырақ айтқанда, Польша-Литва татарлары халқының өкілі. Толық аты-жөні – Селим Мирза Юшенски Данияр Бег Хазбиевич. Бір қызығы, есіміндегі «Юшенски» деген сөз «үйсін» тайпасының атынан шыққан екен. Біз елшіге арнайы жолығып, өзінің ата тегі мен польшалық татарлардың тарихы, сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынас барысы жайында әңгіме өрбіттік.
Қазақстан • 09 Қараша, 2023
Құқық саласындағы ынтымақтастық
Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 21-отырысы өтіп, оған еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов қатысты.
Қоғам • 08 Қараша, 2023
«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты еліміздің тарихи, мәдени және табиғи мұрасын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды республикалық акцияны жалғастырып келеді. Осы тақырып төңірегінде өткен дөңгелек үстелге белсенділер, сарапшылар, Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері мен студенттер қатысты.
Саясат • 07 Қараша, 2023
Аумақтық қорғаныс мәселелері талқыланды
Қорғаныс министрлігінде Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысқан жиында аумақтық қорғаныс және әскери инфрақұрылым жүйесіндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің өзекті мәселелері талқыланды.
Құқық • 06 Қараша, 2023
Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевтың қатысуымен жоғары сот органының кезекті жалпы отырысы өтті. Іс-шараға сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғалымдар, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Бас прокуратура, Мемлекеттік кірістер комитеті мен адвокатураның өкілдері қатысты.
Құқық • 05 Қараша, 2023
Сақ болыңыз: Мал ұрлығы «маусымы» басталды
Қазақта ықылым заманнан соғым маусымы басталғанда мал ұрлығы көбейетіні белгілі жайт. Бұл мал иелерінен өз шаруашылықтарының күзетін күшейтуді талап етеді. Кезекті соғым уақыты таяған сайын әр өңірде мал ұрлау оқиғалары да тіркеле бастайды.