
Мереке • 14 Наурыз, 2024
Көрісу күні: Қырдағы ел ойдағы елмен араласып...
Мемлекет басшысы елдің жаңаруы аясында Наурыз мерекесінің форматын өзгерту қажеттігін көтергені мәлім. Жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында: «Өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы» деген еді.
Денсаулық • 13 Наурыз, 2024
Артық салмақтың эпидемияға ұласу қаупі бар
Оразада кейбір адамдар арықтаймын деп ауыз бекітіп жатады. Бұл ең алдымен құлшылық ретінде тұтылатын амал болғанымен, біреулерге диета ретінде де артық салмақтан арылуға жанама көмегі болса, құба-құп. Өйткені денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, қазіргі күні әлемде семіздік мәселесі эпидемия деңгейіне жеткен. Ересек адамдардың 30%-дан астамы артық салмақ арқалап жүр.
Балалар • 13 Наурыз, 2024
Бала құқын қорғаудың басым бағыты
Өткен жылы Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек», деген болатын.
Қылмыс • 11 Наурыз, 2024
Ішкі істер министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп, биоресурстарды сақтау және флора мен фауна нысандарын заңсыз өндіру фактілерінің жолын кесу мақсатында жыл сайынғы «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Руханият • 11 Наурыз, 2024
Бүгін күллі мұсылман әлемі үшін айлардың ұлығы әрі сұлтаны саналатын қасиетті Рамазан басталды. Исламда бес парыз болса, ораза – соның үшіншісі. Бүгіннен бастап бүкіл дүние мұсылмандары ауыз бекітіп, осы парыз амалдарын орындайды.
Құқық • 11 Наурыз, 2024
Кәсіпкерлер қолдауды сезінуге тиіс
Мемлекет басшысының құқық қорғау органдарына қоятын басты талабының бірі – отандық бизнесті қорғау. Осыған орай Бас прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласына талдау жүргізіліп, қылмыстық-құқықтық тәжірибенің жүйелі проблемалары анықталды.
Құқық • 10 Наурыз, 2024
Сары түске өтсең, айыппұл төлейсің
Жуырда Ішкі істер министрлігі бағдаршамның сары түсіне байланысты жаңа жол ережесін жариялады. Халық арасында осы өзгеріске байланысты түрлі сауал туындап жатыр. Сонда бұдан былай сары түске өтуге де бағдаршамның қызыл түсі секілді тыйым салына ма?
Үкімет • 08 Наурыз, 2024
Трансферттік баға тетіктері жетілдіріледі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтіп, сенаторлар трансферттік баға белгілеу мәселелері туралы заңды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады.
Айбын • 08 Наурыз, 2024
Отан қорғау және әскери қызмет дегенде көп адам бұны ер адамдарға тән іс екен деп ойлайды. Алайда қару асынып, погон таққан, талабы қатаң әскери тәртіпке бағынған сайыпқырандар сапында табиғатынан нәзік жан деп есептелетін әйелдердің де көп екенін біреу білсе, біреу білмейді. Біз сол кейіпкерлеріміздің бірін Ұлттық ұланның Көкшетау қаласындағы әскери бөлімінен таптық.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2024
Әйел адам қай салада еңбек етсе де, оны ең алдымен отбасының ұйытқысы, яғни Ана деп білеміз. Иә, ең бірінші кезекте ол – ана, ал қызметі мен лауазымы екінші кезектегі мәселелер. Еліміздің құқық қорғау саласында да еңбегімен талай жетістікке жеткен және аналық борышын ақтап жүрген жандар жетерлік.