Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
663 материал табылды

Жемқорлық • 23 Мамыр, 2024

Алған да, берген де – парақор

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте парақорлыққа қарсы қабылданып жатқан шараларға қарамастан бұл келеңсіздікпен күресте түбегейлі өзгеріс болмай тұрғанын айтқан еді. Президент ел тұрғындарының әлі күнге сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келіп отырғанын жеткізді.

Есірткі • 22 Мамыр, 2024

Есірткіге қарсы заңнаманың қауқары қандай?

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Есірт­кі құралдарының, психотроптық заттар мен прекур­сорлардың таралуына қарсы іс-қимыл сала­сын­дағы заңнама мен құқық қорғау практикасының проб­ле­малық мәселелері» тақырыбына арналған отырыс өткізді.

Үкімет • 18 Мамыр, 2024

ESG қағидаларын елемеу экологияға қауіпті

Кеше Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламент­тік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Үкімет • 17 Мамыр, 2024

Көршімен тату болғанның көкжиегі кеңейеді

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.

Айбын • 17 Мамыр, 2024

Талапты жастың таңдауы

Қазір алдына мақсат қойып, талпынып, талаптанған жасқа білім алуға мүмкіндік жеткілікті. Көптеген қаракөзіміз елімізден бөлек, алыс-жақын шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарында да «инемен құдық қазып» жүр. Келешектің көкжиегін кеңейту жолында жастарымыздың жан-жақты білім алғаны дұрыс. Мемлекеттің дамуына қажетті тәлім алып, тәжірибе жинап, ұлтқа пайдасын тигізіп жүрген ұландарымыз қазірдің өзінде аз емес.

Тағзым • 16 Мамыр, 2024

Даңқты батырдың дара жолы

Л.Н.Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық универ­сите­тінде тәуелсіз еліміз­дің тұңғыш Қор­ғаныс министрі, Халық қаһар­маны С.Нұрмағам­бетов­тің туғанына 100 жыл толуына орай «Сағадат Нұрмағамбетов: тумысы бөлек тұлға» тақы­ры­бында ғылыми-тәжіри­белік конференция өтті.

Қоғам • 15 Мамыр, 2024

Көрнекі ақпарат – тілді танымалдандыру тетігі

Тіл мәселесі – қазақ қоғамының ескі жарасы. Ал жарнама – елдегі тіл жағдайының шынайы бет-бей­не­сін айғақтайтын белгілердің бірі. Көтеріп отырған мәселеміз – көше­­дегі көрнекі ақпараттар мен хабар­­лан­­дырулар тілінің сапасы. Бұны қо­ғам ішіндегі қордаланған мәсе­­ле­­нің сыртқы көрінісі деуге болады.

Тарих • 11 Мамыр, 2024

Жеңіс туын тіккен батыр

Екінші дүниежүзілік соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атанған отандастарымыз аз емес. Алайда кеудесін оққа тосқан апайтөстеріміздің кейбірі көзі тірісінде батыр атағын алған жоқ. Бірақ бұл олардың даңқын аласартпады, керісінше, ақиқат ашылған са­йын халықтың шексіз құрметін арттыра түсті. Солардың бірі де бірегейі – биыл туғанына 100 жыл толатын Рақымжан Қошқарбаев.

Президент • 09 Мамыр, 2024

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Жүктелген міндеттерді шешу маңызды

Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық эконо­мика­лық кеңестің мерей­той­лық саммитіне қатыс­­ты. Президент сам­митті жоғары деңгейде ұйым­дас­тырып, қо­нақ­жай­лылық таныт­қаны үшін Ресей тарапы­на ризашылығын білдір­ді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Влади­мир Путинді Ресей Феде­рациясының Пре­зиденті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады.

Әскер • 07 Мамыр, 2024

Әскери ұшқыш – қорғаныс айбары

Қорғаныс пен қауіпсіздік саласында әскери авиация ең жойқын әрі шешуші күші саналады. Екінші дүниежүзілік соғыста Қазақстаннан шыққан екі дүркін Кеңес Одағының батырлары Т.Бигелдинов пен С.Луганский әскери ұшқыштар болғаны тарихтан мәлім.