
Үкімет • 17 Мамыр, 2024
Көршімен тату болғанның көкжиегі кеңейеді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтіп, сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады.
Айбын • 17 Мамыр, 2024
Қазір алдына мақсат қойып, талпынып, талаптанған жасқа білім алуға мүмкіндік жеткілікті. Көптеген қаракөзіміз елімізден бөлек, алыс-жақын шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарында да «инемен құдық қазып» жүр. Келешектің көкжиегін кеңейту жолында жастарымыздың жан-жақты білім алғаны дұрыс. Мемлекеттің дамуына қажетті тәлім алып, тәжірибе жинап, ұлтқа пайдасын тигізіп жүрген ұландарымыз қазірдің өзінде аз емес.
Тағзым • 16 Мамыр, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тәуелсіз еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Сағадат Нұрмағамбетов: тумысы бөлек тұлға» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қоғам • 15 Мамыр, 2024
Көрнекі ақпарат – тілді танымалдандыру тетігі
Тіл мәселесі – қазақ қоғамының ескі жарасы. Ал жарнама – елдегі тіл жағдайының шынайы бет-бейнесін айғақтайтын белгілердің бірі. Көтеріп отырған мәселеміз – көшедегі көрнекі ақпараттар мен хабарландырулар тілінің сапасы. Бұны қоғам ішіндегі қордаланған мәселенің сыртқы көрінісі деуге болады.
Тарих • 11 Мамыр, 2024
Екінші дүниежүзілік соғыста ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының батыры атанған отандастарымыз аз емес. Алайда кеудесін оққа тосқан апайтөстеріміздің кейбірі көзі тірісінде батыр атағын алған жоқ. Бірақ бұл олардың даңқын аласартпады, керісінше, ақиқат ашылған сайын халықтың шексіз құрметін арттыра түсті. Солардың бірі де бірегейі – биыл туғанына 100 жыл толатын Рақымжан Қошқарбаев.
Президент • 09 Мамыр, 2024
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Жүктелген міндеттерді шешу маңызды
Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мерейтойлық саммитіне қатысты. Президент саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырып, қонақжайлылық танытқаны үшін Ресей тарапына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Ресей Федерациясының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады.
Әскер • 07 Мамыр, 2024
Әскери ұшқыш – қорғаныс айбары
Қорғаныс пен қауіпсіздік саласында әскери авиация ең жойқын әрі шешуші күші саналады. Екінші дүниежүзілік соғыста Қазақстаннан шыққан екі дүркін Кеңес Одағының батырлары Т.Бигелдинов пен С.Луганский әскери ұшқыштар болғаны тарихтан мәлім.
Сұхбат • 07 Мамыр, 2024
7 мамыр – жалпыұлттық мереке. Өйткені осы жерді мекен еткен әрбір азамат – Отан қорғаушы. Туған еліміздің тұғырын биіктетіп, жерімізді жаудан қорғау – әрқайсысымыздың мойнымызға жүктелген басты парыз.Біз Отан қорғаушы күніне орай Қорғаныс министрінің тәрбие және идеология жұмысы жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан ЖАЗЫҚБАЕВТЫ әңгімеге тартып, айбынды әскеріміздің бүгінгі жай-күйі және жауынгерлерімізге жасалып жатқан әлеуметтік қолдау жайын кеңірек сұрап білген едік.
Көрме • 04 Мамыр, 2024
Кеше елордада Президенттік орталық және Н.Назарбаев қорының ұйымдастыруымен Халық қаһармандары С.Нұрмағамбетов пен Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған айрықша көрме ашылды.
Айбын • 04 Мамыр, 2024
Болат Жанасаев – ІІМ-нің кешегі Ішкі әскері, бүгінгі Ұлттық ұлан басшылығының үнемі аузында жүретін есім. Барлық командир өздерін оның шәкірті санайды. Үлкенді-кішілі жиналыста жеке құрамға атақты генералдың сөздері мысалға келтіріліп, басқару әдісі мен айтқан ой-пікірлері қанатты сөзге айналған.