Taza.kz
Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
895 материал табылды

Реформа • 21 Ақпан, 2026

Адам капиталы – Конституция жобасының басымдығы

Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың роботтехника орта­лығы алаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Ха­­лықтық Конс­титуциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүше­­­лері белсенді жас­тармен және IT саласының өкілдерімен кез­дес­ті. Жиынға деле­гацияны Премьер-министрдің орынбасары – ­Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап келді. Оған Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев, Конституциялық ко­мис­­сия өкілдері, қоғамдық институттар мен білім беру сала­сы­ның бас­шылары, сарап­шылар мен ғалымдар қатысты. Кездесуге сту­дент­тер, жас зерт­теушілер және қалалық IT-бастамалардың қаты­­сушылары жиналды.

Реформа • 20 Ақпан, 2026

Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Жиынға Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжан, Сергей Пономарев және қоғамдық институттар, әлеуметтік қолдау саласының өкілдері, білім саласының мамандары, жастар ұйымдары мен өңір белсенділері қатысты.

Саясат • 19 Ақпан, 2026

Коалиция мүшелері Түркістан жұртшылығымен кездесті

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерін талқылады. Түрлі алаңда өткен кездесулерге зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары, кәсіпкерлер мен жастар қатысты.

Ата заң • 18 Ақпан, 2026

Жалпыұлттық коалиция өкілдері Шымкент тұрғындарымен кездесті

«Әділетті және прогрессивті Қазақ­станның халық­тық Конс­титуциясы үшін» жалпыұлттық коа­лициясы мүшелері­нің өңірлерге сапар­лары жалғасып жа­тыр. Ерлан Қошанов бастаған делегация Шымкент қала­сының тұрғын­дары­мен бірқатар кездесу өткізді.

Референдум • 17 Ақпан, 2026

Ұлт тұтастығын айшықтайтын референдум

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстан­ның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Жамбыл облысына келді. Өңірде коалиция мүшелері жұртшылықпен, жастармен, еңбек ұжымдарымен және шағын бизнес өкілдерімен әңгімелесті. Көпшілік жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімге негізделген ұлттық мүддесіне толық сай келетінін атап өтті.

Саясат • 13 Ақпан, 2026

Жалпыұлттық коалиция құрылды

Елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері «Әділетті және прогрес­сивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлт­тық коалиция­ға бірікті. Оның құрамына бес жетекші саяси партияның өкілдері мен миллионда­ған азаматтың мүддесін білдіретін 300-ден аса қоғамдық ұйым енді.

Саясат • 10 Қаңтар, 2026

Бірпалаталы жаңа Парламенттің атауы қарастырылды

Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті.

Саясат • 01 Қаңтар, 2026

Медиа саласының бірегей болмысы

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында өткен жылды қорытын­дылап, саладағы елеулі жа­ңа­лықтарды атап өтті.

Саясат • 26 Желтоқсан, 2025

Бастамашыл заңдардың басым бөлігі «Amanat» фракциясына тиесілі

Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының мүшелері осы жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, алдағы уақытта қолға алынатын негізгі мақсат-міндеттерді талқылады. Депутаттар Мемлекет басшысының тапсырмалары, сондай-ақ Президент пен партияның сайлау­алды бағдарламалары сапалы әрі уақтылы орындалып жатқанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар заң шығару қызметінің нәтижелері сараланып, алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер айқындалды және сайлаушылармен кездесу үшін депутаттардың өңірлік сапарларына дайындығы пысықталды.

Саясат • 25 Желтоқсан, 2025

Астана әрдайым ауқымды істердің бастауында тұруға тиіс

Қазір Астана қарқынды өсіп келеді. Түрлі бағыт бойынша белсенді жұмыс істеліп жатыр. Соған қарамастан елорданы іркіліссіз ілгерілету қашанда назардан түспек емес. Осы бағыттағы өзекті мәселелер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Астананы дамыту жөніндегі кеңесте кеңінен талқыланды.

Яндекс.Метрика