
Саясат • 01 Ақпан, 2025
Президент бастамаларын іске асырудың қозғаушы күші
Мәжілісте «Amanat» партиясы фракциясының жиыны өтіп, онда депутаттар Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының ел дамуына қатысты берген тапсырмаларын іске асыру және заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Саясат • 30 Қаңтар, 2025
Сайлау үдерісі сараланған конференция
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған делегация Нью-Дели қаласында Үндістанның сайлау комиссиясы және Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы (А-WEB) бірлесіп ұйымдастырған «2024 – Жаһандық сайлау жылы: демократиялық кеңістіктерді растау» халықаралық конференциясына қатысты.
Саясат • 25 Қаңтар, 2025
Еңбек мәдениеті ұлықталуға тиіс
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, қоғамдық және діни бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Өңірге сапары барысында Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы және аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту тапсырмаларын іске асыруға қатысты мәселелер де талқыланды. Бұл ретте маңызды бағыттар бойынша Сенат пен мәслихаттардың бірлескен жұмысы ерекше мәнге ие екені айтылды.
Форум • 23 Қаңтар, 2025
Мемлекеттік басқару көшбасшыларының жаһандық форумы өтті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Сингапурде өткен мемлекеттік басқару көшбасшыларының жаһандық форумына және Жаһандық үкіметтік саммитке қатысты. Іс-шара Сингапур, Канада, Ұлыбритания, Молдова, Эстония, Моңғолия елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы түрлі құрылым басшылары және жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2025
Талдау мектебінің төртінші маусымы
Өткен аптада Астанада Талдау мектебінің төртінші кезеңіндегі оқыту жұмыстары басталды. Биыл жаңа кезеңге қабылдау өте жоғары деңгейде жүргізілді. Бір орынға 12 адамнан келді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қалыптасқан дәстүрге сәйкес тыңдаушыларды төртінші кезеңнің ашылуымен құттықтап, дәріс оқыды. Аталған қоғамдық жоба аясында қатысушыларға белгілі отандық және шетелдік сарапшылар, халықаралық, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері де дәріс оқиды.
Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2024
Төтенше жағдай қызметі қаншалықты жаңғырды?
Биыл Төтенше жағдайлар жүйесінде маңызды реформалар жүргізілді. Төтенше жағдайлар министрлігі басқарудың жаңа тактикасын және жаңартылған ұйымдастырушылық құрылымды енгізді.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2024
«Қарызсыз қоғам» – өмірді жақсартуға мүмкіндік береді
«Amanat» партиясында халық арасында кеңінен сұранысқа ие болған «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жұмысы қорытындыланды. Аталған жоба екі жылдан аз уақыт ішінде Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру және «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытындағы маңызды бөлігіне айналды. Партияның көмегімен 780 мың отандасымыздың қаржылық сауаты жақсарды.
Айбын • 20 Желтоқсан, 2024
Астанада қызметте үздік нәтиже көрсеткен Қарулы күштердегі жауынгерлік жарыс жеңімпаздары Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың қолынан марапатқа ие болды.
Жоба • 16 Желтоқсан, 2024
«Ауыл аманатының» үздік қатысушылары анықталды
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасындағы үздік шаруашылыққа арналған республикалық байқау қорытындыланды. Іс-шараға Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, тағы басқалар қатысты.
Саясат • 13 Желтоқсан, 2024
Парламентаралық байланыс жандана түседі
Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті. Кездесу барысында тараптар бірқатар маңызды мәселені талқылап, Парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған практикалық іс-шаралар жоспарына қол қойды.