Орынбек ӨТЕМҰРАТ
Орынбек ӨТЕМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
821 материал табылды

Жоба • 16 Желтоқсан, 2024

«Ауыл аманатының» үздік қатысушылары анықталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылар арасындағы үздік шаруашылыққа арналған республикалық байқау қорытындыланды. Іс-шараға Мәжіліс спикері, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, тағы басқалар қатысты.

Саясат • 13 Желтоқсан, 2024

Парламентаралық байланыс жандана түседі

Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті. Кездесу барысында тараптар бірқатар маңызды мәселені талқылап, Парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған практикалық іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Үкімет • 07 Желтоқсан, 2024

Кешенді тәсілдер азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеді

Сенатта азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне арналған парламенттік тыңдау өтті. Онда қатысушылар саланы дамытуға қатысты өзекті түйткілдерді талқылады, сондай-ақ ұсыныстарын білдіріп, мүдделі тараптармен алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.

Сұхбат • 05 Желтоқсан, 2024

Берік АСЫЛОВ, Бас прокурор: Жоғары қадағалау – абыройлы міндет

Жыл сайын 6 желтоқсанда елімізде Прокуратура күні атап өтеді. Өйткені 1991 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының жоғары қадағалау органының жүйесі бекітілген еді. Тәуелсіздік жылдары прокуратура қоғамда заң мен құқықтық тәртіпті нығайтуда мемлекет тірегіне айналды. Биыл прокура­тура халықты әлеуметтік қорғау, жеке кәсіпкерлер мен инвесторлардың, экономикалық сектордағы азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғау, заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару, қылмыстық істерді тергеу, мемлекеттік айыптауды қолдау, құқықтық процестерді цифрландыру, халықаралық ынтымақтастық және басқа да бағыттарда заңдылықты күшейтуде жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Кәсіби мереке қарсаңында еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловпен сұхбаттасудың сәті түсіп, жоғары қадағалау органы жұмысының маңызды аспектілері тура­лы кеңінен сөз қозғадық.

Саясат • 03 Желтоқсан, 2024

Сыртқы істер министрлері Қытайда кездесті

Чэнду қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Қытайдың сыртқы саяси ведомство­ларының басшы­ларын біріктірген «Орталық Азия – Қытай» форма­тындағы Сыртқы істер министрлерінің бесінші кездесуі өтті. Еліміздің делегациясын Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастап барды.

Салық • 03 Желтоқсан, 2024

Жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланды

Алматыда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті. Жиынға палата төрағасы Айдос Сарым жетекшілік етіп, Мәжіліс вице-спикері Дания Еспаева мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Олар жаңа Салық кодексінің жобасын талқылады.

Құқық • 30 Қараша, 2024

Бала құқын қорғау мәселелері талқыланды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстан Республикасында бала құқықтарын қорғау: даму жолындағы жетістіктер мен алдағы басымдықтар» атты конференцияға қатысты. Сенат пен ЮНИСЕФ бірлесіп ұйымдастырған іс-шара Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялағанына 30 жыл толуына арналды.

Саясат • 28 Қараша, 2024

Діни нысандарды қорғауға арналған жаһандық жиын

Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық конференциясында сөз сөйледі. Іс-шара діни нысандарды қорғау мәселелеріне арналды.

Саясат • 27 Қараша, 2024

Жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен бірге жұмыс сапарымен Португалия Респуб­ликасына келді. Сапар аясында палата спикері Португалия Ассамб­леясының төрағасы Жозе Педро Агиар-Бранкумен кездесті. Онда тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, алдағы бірлескен жұмыстың маңызды міндеттерін белгіледі.

Үкімет • 23 Қараша, 2024

Есірткі өндірушілерге жаза қатаңдатылады

Мәжілісте «Amanat» фракциясының жиыны барысында депутаттар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселесін қарады. Негізгі талқылау тақырыбы – осы салаға қатысты заңнаманы қайта қарау, яғни есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға тағайындалатын жазаны қатаңдату.