
Сұхбат • 27 Ақпан, 2025
Берік АСЫЛОВ, Бас прокурор: Заң – әділдікке, рухани тазалыққа апаратын жол
Өткен жылдың соңында еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловпен прокуратура органдарының конституциялық міндеті мен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы қадағалау қызметінің жекелеген бағыттары жөнінде әңгімелескен едік. Бұл жолы Бас прокурордан криминогендік жағдай, цифрлық және ақпараттық технологиялармен байланысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу, халықты әлеуметтік қорғаудың жекелеген салаларындағы заңдылықтың жай-күйі турасында біраз мағлұмат алдық.
Саясат • 26 Ақпан, 2025
Адами капитал - ғылыми дамуға сеп
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда өткен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңды іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынына қатысты. Іс-шара барысында осы саладағы ұлттық заңнамаға енгізілген түзетулер талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар негізгі міндеттерді белгілеп, ғылымды дамыту, инновацияларды енгізу және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Сапар аясында палата спикері қаладағы бірқатар ұйымның сарапшыларымен және еңбек ұжымдарымен де кездесті.
Президент • 20 Ақпан, 2025
Қазақстан – Иордания: Сенім мен ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн күтіп алды.
Саясат • 19 Ақпан, 2025
Дипломатиялық байланыс нығая береді
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен келіссөздер өткізді.
Саясат • 08 Ақпан, 2025
Жас сайлаушылар мол мағлұматқа қанықты
Дүниежүзілік сайлау күні аясында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Онда елорданың 500-ден аса жас сайлаушысы мен жастар ұйымдарының көшбасшылары жиналды.
Президент • 08 Ақпан, 2025
Қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Еліміздің бизнес қоғамдастығының басын қосқан бұл жиын мемлекет пен экономиканы дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің мақсат-ниеті бір екенін көрсетті.
Саясат • 01 Ақпан, 2025
Президент бастамаларын іске асырудың қозғаушы күші
Мәжілісте «Amanat» партиясы фракциясының жиыны өтіп, онда депутаттар Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының ел дамуына қатысты берген тапсырмаларын іске асыру және заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Саясат • 30 Қаңтар, 2025
Сайлау үдерісі сараланған конференция
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бастаған делегация Нью-Дели қаласында Үндістанның сайлау комиссиясы және Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығы (А-WEB) бірлесіп ұйымдастырған «2024 – Жаһандық сайлау жылы: демократиялық кеңістіктерді растау» халықаралық конференциясына қатысты.
Саясат • 25 Қаңтар, 2025
Еңбек мәдениеті ұлықталуға тиіс
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен, қоғамдық және діни бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Өңірге сапары барысында Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылы аясындағы және аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын дамыту тапсырмаларын іске асыруға қатысты мәселелер де талқыланды. Бұл ретте маңызды бағыттар бойынша Сенат пен мәслихаттардың бірлескен жұмысы ерекше мәнге ие екені айтылды.
Форум • 23 Қаңтар, 2025
Мемлекеттік басқару көшбасшыларының жаһандық форумы өтті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Сингапурде өткен мемлекеттік басқару көшбасшыларының жаһандық форумына және Жаһандық үкіметтік саммитке қатысты. Іс-шара Сингапур, Канада, Ұлыбритания, Молдова, Эстония, Моңғолия елдерінің мемлекеттік қызмет саласындағы түрлі құрылым басшылары және жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен өтті.