Маржан ӘБІШ
Маржан ӘБІШ«Egemen Qazaqstan»
1055 материал табылды

Өнер • 29 Қаңтар, 2025

Әуен мен би үйлесіп...

«Астана Опера» сахнасында Nomad Inspiration бағдар­ламасының премьерасы өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған кеш балетмейстер Сұлтанбек Ғұмардың заманауи хореографиялық жұмыстары мен «HasSak» этно-фольклорлық ансамблінің бірегей аспаптық музыкасын біріктірген нағыз шығармашылық тәжірибеге айналды.

Көрме • 28 Қаңтар, 2025

Кенептегі көзқарас

Президент орталығында Көркем академияның корреспондент-мүшесі Ақжан Әли мен белгілі аустралиялық суретші Джеральд Флориан Месснердің «Біз біргеміз!» атты бірлескен көрмесі ашылды. Бұл вернисаж бірлік пен жасампаздықтың символына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналады.

Қоғам • 25 Қаңтар, 2025

Алаштанудағы тың дерек

Ұлттық музейде А.Ғ.Ибраева, С.З.Мәлікова, З.С.Тайшыбайдың «ХХ ғасыр басындағы Солтүстік Қазақстан: Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі» монографиясы мен А.Ғ.Ибраева, С.З.Мәлікова, З.С.Тайшыбай, А.Темірханова құрастырған «Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі Алаш қозғалысы мұрағат деректерінде» мұрағаттық құжаттар және мате­риалдар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Өнер • 25 Қаңтар, 2025

Маэстро сабағы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консер­ваториясында Милан­дағы Джузеппе Верди музыкалық консер­ва­то­риясының акаде­мия­­лық вокал кафе­дра­сының профессоры, баритон Деметрио Колачи «Бельканто тех­никасы және опера партияларын ин­тер­пре­тациялау» атты ше­берлік саба­ғын өткізді.

Жоба • 22 Қаңтар, 2025

Театр әлеміндегі тың жоба

Сахна сыртындағы шығар­ма­шылық өмірдің қыр-сыры театр­сүйер көрерменге бей­мәлім. Біз­дің көретініміз – қаншама еңбек, талант, қажыр-қайрат пен да­йын­дықтың, қайталаудың, ши­рығу мен ша­рықтау нәти­жесінен ту­ған көркем дүние. Ал осы көр­ген жан­ның көңі­лін баурап, кө­зін әсем­дік­ке тойдыратын бекзат өнер­­дің сахна шымылдығы ашыл­ғанға дейінгі қым-қуыт тіршілігі, мың-сан мәселесі, азан-қазан өмірі көрер­мен үшін жұмбақ әлем болып қала береді.

Қоғам • 21 Қаңтар, 2025

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тапсырылды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин белгілі мәдениет және өнер қайрат­керлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыс етті.

Басылым • 18 Қаңтар, 2025

Иран қазақтары ізімен...

Ұлттық кітапхана төрінде белгілі шығыстанушы, аудармашы, PhD Нияз Тобыштың «Иран қазақтары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған еңбек Иран қазақтары туралы жазылған бірнеше туындының басын құрайтын шағын энциклопедия үлгісінде жасалған. Тағдыр тауқыметін тартқан маңғыстаулық қазақтардың тілі бөлек, салты бөтен жат жерде өмір сүріп, қалай тілі мен салтын сақтап, ұлттық болмысын жоғалтпай жүргенін суреттейді. Қилы заманда әлемнің әр бұрышына тараған қазақтың туған топырақтан жырақтағы өмірін баяндайды.

Жоба • 18 Қаңтар, 2025

Жаңғырған жоба

Көптің көзайымына айналған оқушылар арасындағы «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны теле­экрандарға жаңа форматта қайта оралады. «Хабар» агенттігі мен республикалық ғылыми-тәжіри­белік «Дарын» орталығы бірлесіп, мегажобаны қайта жаңғыртуға кірісіп отыр. Интеллектуалдық ойын көктемнен бастап «Хабар» арнасынан көрсетілмек.

Басылым • 17 Қаңтар, 2025

Сырым батыр сөйлейді

Орал қаласында Жантас Са­фуллиннің балаларға арналған «Сырым батыр» комиксі жарық көрді. Жас ұрпаққа туған жердің тарихын таныстырып, ұлттық рухын көтеруді мақсат еткен кітап батыр тұлғасын жан-жақты сипаттайды.

Байқау • 16 Қаңтар, 2025

Үздік кітап додасы

Мәдениет және ақпарат министр­лігінің «Ұлттық кітап» республикалық бай­қауына қатысуға өтінімдер қа­былдау басталды. Дүбірлі дода Ұлт­тық кітап күні мерекесіне орай өт­кізіледі.